«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021-2022 оқу жылына арналған №9 мектеп-гимназиясы педагогикалық ұжымының мақсат, міндеттері

ыыыыыыыыыыыыыыыы

2021-2022 оқу жылына арналған №9 мектеп-гимназиясы педагогикалық ұжымының мақсат, міндеттері

 

Тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында – білім сапасын арттыру

Басты мақсат: Білім сапасын арттыруда тиімді әдістерді оңтайлы енгізу арқылы табысты нәтижеге қол жеткізу.

Мектептің миссиясы: Оқушылардың заман талабына сай бейімделу мүмкіндігі мен кәсіби бағытты дұрыс таңдауына ықпал жасау, білім сапасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған тәрбиелік және әлеуметтік маңызы бар педагогикалық жобаларды іске асыру.

Басты идеясы: Оқушының қабілеті мен жеке бейімділік қажеттіліктеріне орай, толыққанды білім алуына ықпал ету.

Міндеттер: Мұғалім мен оқушылардың үздіксіз білім алуына қолдау көрсету және қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану;

  • Шығармашылық топтар, бірлестіктер жұмысын жандандыру;
  • Қауымдастықта жұмыс істеу арқылы оқушылардың бейімділік дағдыларын қалыптастыру;
  • Пәндерді сапалы оқыту арқылы оқушының білім алуына қажетті дағдыларын дамыту;
  • ОЖСБ-ға дайындау мақсатында 4,9,11-сыныптарды сыныптық бақылауға алу;
  • Пәндік олимпиадаға жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден (физика,математика,география) бойынша оқушыларды дайындау жұмыстарын қолға алу;
  • Жетістіктері төмен және төменгі білім сапасын көрсеткен сыныптармен жұмысты күшейту;
  • Дарынды балалармен жұмыс бағытында оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында каникулдар мерзімінде түрлі байқау,іс-шараларын өткізу;
  •  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралардың сапасын арттыру;
  • Мұғалімдердің тәжірибелері талданып,озық тәжірибені жүйелі таратуды қолға алу;
  • Жас мамандармен жұмысты жандандыру;
  • Құқықтық жұмыстардың негізгі талаптарын күшейту,құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыстарды жандандыру;

         Мектеп-гимназия ұжымы «Білім сапасын арттыруда тиімді әдістерді оңтайлы енгізу арқылы табысты нәтижеге қол жетізу» бірыңғай әдістемелік тақырыппен жұмыс жүргізеді. Тақырып бойынша бағдарламамен сәйкес жүріп, профильдік бағытта білім беруге жол ашады.

          Биылғы оқу жылы  458 оқушымен басталды. Мектеп жанындағы интернатта 28 оқушы тұрып оқиды. Мектепте 25 сынып бөлмесі бар. Оқу жұмыс жоспары  мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына  сәйкес құрылды, вариативті сағаттар және гимназиялық сағаттар  түгелдей қамтылды. Мектеп аптада барлық сыныптарда 5 күн жұмыс істеді. Бастауыш, орта, жоғары сатыда – 25 сынып комплект, даярлық тобында – 34 оқушы оқиды.1-4 сынып арасында-225 оқушы, 5-9 сыныптарында – 205 оқушы , 10-11 – сыныптарында – 28 оқушыны құрайды.

Жаңартылған күні: 18.10.2021 14:28
Құрылған күні: 18.10.2021 14:28

Текст