2019-2020 оқу жылының ІҮ тоқсаны қашықтықан оқыту басында 450/37 оқушымен басталып,оқу жылы аяғында 450 оқушымен аяқтады.
"2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20568 болып тіркелген; "2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20324 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) сәйкес қорытынды аттестаттау 9 және 11- сыныптардың білім алушылары емтихан тапсырмай, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде берілді;
9-сыныптың 22 оқушысына негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат берілді,оның ішінде 2 оқушы:Сагдатова Аружан,Байжанова Сабина «Үздік аттестат» аттестаты тапсырылды.
11-сыныптың 24 оқушысына жалпы орта мектепті бітіргені туралы аттестат.Оның ішінде /3 оқушы/ «Үздік аттестат» туралы Ереже негізінде
( Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсан №532 қаулысы) жалпы орта білім беру қорытынды аттестациясы үздік бағасына тапсырған Мусина Назгуль,Дүйсенбек Аққу,Қайыркенова Арайлым «Алтын белгі» белгісімен,1 оқушы Жуманова Аружан «Үздік аттестат» аттестаты берілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Нургужина