Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы
Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке.
Әлемнің дамыған мемлекеттерінің баршасында өте жоғары деңгейде жолға қойылған, кейде әлемдік білім сапасын, орта білімнің деңгейін, жоғары білімнің өресін бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Білім бәсекесіне түскен, ғылым — техниканың көз ілеспей дамыған мына заманында ғылымның терең сырына бала жастан бейімдеу елдің ертеңгі деңгейіне жоспарлы дайындық болары хақ.
«Біз білекпен сынасқан заманда ешкімге дес бермедік, ал, біліммен жарысар заманда өзгеден кем қалмалық», — деген Абылай ханның арманы да, Осыны әр жолдауына еске сап жүрген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да елдің өндіргіш күші болып есептелетін ғылымды дамытуға бөлген назары да, дамыған 30 елдің қатарына кірудің алғы шарты да осы ғылымда болса керек. «Біз әлемнің алдыңғы елдерімен бәсекелес болу үшін ең алдымен технократтық мемлекетке айналуымыз керек», — дейді заманның заңғар математигі Асқар Жұмаділдаев. Ғылымның тереңіне үңілу мына заманның алғы шарты десек, пән олимпиадасы алғы шарттың алғы шарты болып тұрғаны ақиқат.
Пән олимпиадасына дайындық, адамның мидың ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс. Егер сапалы және жүйелі дайындық жүргізілсе, баланың ми клеткалары сапалы қозғалысқа келіп, оқушының алғырлығы арта түсетіні ғылымда дәлелденіп келеді. Сапалы әрі жүйелі дайындық — тек баланың ғылымға ғана көзқарасын қалыптастырып қоймай, болашаққа деген нық сенімін орнатып, өзіне деген сенімін нығайтып, биік мақсаттар қоя алатын тұлға тәрбиелеудегі тамаша дағды.
Болашақ қазақ ғалымдары бүгінгі олимпиада жеңімпаздарынан шығады деген үміттеміз. Әрі олимпиада жеңімпаздарынан шыққан ғалым ол болашақта қазақ ғылымына локомотив боларына сеніміміз кәміл. Сол үшін жыл сайын мектепішілік пән олимпиадасы өтіліп отырады. Биылғы оқу жылында пәндік олимпиада қараша айының 20 күні өтті. Оған мектептегі 5-11 сыныптар арасындағы 92 оқушы қатысып, оның 42 оқушысы жүлдегер атанды. Атап өтсем: қазақ тілінен 17 оқушы қатысты, оның 6 жүлдегер болды. 8 сыныптарда 3 оқушы, 9-11 сыныптарда 1-1 оқушыдан жүлдегер атанды.
Орыс тілі пәні бойынша 9 оқушы қатысып, оның 7 жүлдегер атанды. Ағылшын тілі пәнін 8 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлдегер болды. Математика пәні бойынша қатысқан 10 оқушының 3 оқушысы, физика пәнінен қатысқан 8 оқушыныі, 2 оқушысы, химия пәні бойынша қатысқан 8 оқушының 6-ы, биология пәні бойынша қатысқан 10 оқушының 6-ы, информатика пәнінен 5 оқушы қатысып, жүлделі орынға ие болғаны жоқ. География пәнінен 4 оқушы қатысып, 4 де жүлдегер атанса, Қазақстан тарихы пәнінен қатысқан 10 оқушының 4-і және құқық бойынша қатысқан 3 оқушының 2 жүлдегер атанды. Жүлдегер оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 8-11 сыныптар арасынан 1 орынға ие болған оқушылар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды. Аудандық олимпиада желтоқсан айының 5-6 күндері өтті.
Аудандық кезеңде ІІ турға 18 оқушы өтіп, оның ішінде А.Хасенова, Б.Қайыпова, А.Жакеевалар қазақ тілі пәні бойынша І орын, Ж.Дандыбаева орыс тілі, Несіпбай Асқар Қазақстан тарихы, пәні бойынша І орын иеленсе, С.Байжанова ағылшын тілі, Г.Барлыбаева АҚҚ, Н.Нұрмағанова химия пәндері бойынша жүлделі ІІ орын, Ж.Батқолла математика, Ж.Жекебаева география ІІІ орынды ие болды және Дүйсенбек Аққа математика пәні бойынша грамота алды.
Барлығы 12 оқушы жүлдегер атанып, оның 7-і республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Облыстық кезең 2019 жылдың қаңтар айының 4-5 күндері болды. Облыстық кезеңнен Несіпбай Асқар Қазақстан тарихы (жетекшісі: Л.И.Тультаева) ІІ орын, Барлыбаева Гүлден Адам. Қоғам. Құқық (жетекшісі: Л.И.Тультаева) ІІІ орын және Нұрмағанова Нарина химия пәні (жетекшісі: Ж.Оразақын) грамотамен марапатталды.
Республикалық олимпиадаға жолдама алған 11-сынып оқушысы Несіпбай Асқарға жеңіс тұғырынан көріне білуіне тілектестік білдіре отырып, тек қана сәттілік тілеймін!
Пән олимпиадаларының оқушысын тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін әрекет. Себебі, өсіп келе жатқан бала психологиясын бәсекеге, ғылымға дайындап, қабілетін ашу, оқушыны дұрыс таңдап, дұрыс бағыт-бағдар беру үлкен қабілетті және мол тәжірибені қажет етеді. Кешегі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Жастардың тәрбиесі – ертеңнің көрінісі» деп айтса, Ыбырай Алтынсарин «мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөздерін негізге ала отырып, қарапайым мұғалімнен үздік шәкірт тәрбиелейтін ұстазға айналу әрбіріміздің арманымыз. Сол армандар жүзеге асын дей келіп сөзімді Ұстаздың ұлы арманы ұлы тұлға болар шәкірт тәрбиелеу болса керек, менің де ұстаздық мамандықты таңдап, осы салада жұмыс істеудегі ең үлкен арманым – елдің ертеңі болар ұрпақ тәрбиелеу. Ал, осы жолда пән олимпиадасы шыңдалар майдан, сол майданда талмай ізденіп, шәкірттерін жоғары көрсеткішке жеткізіп отырған әріптестеріме алғысым шексіз.
№9 мектеп-гимназиясы
директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары А.Абдрахманова