«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2018-2019 оқу жылындағы оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Ж.Абдрахманованың оқушыларды қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындау бойынша пән мұғалімдері, мектеп психологы, ата-аналар, оқушылармен жүргізген жұмыстарының есебі

2018-2019 оқу жылындағы оқу ісі жөніндегі орынбасар

А.Ж.Абдрахманованың  оқушыларды қорытынды аттестаттау

және ҰБТ дайындау бойынша пән мұғалімдері,

мектеп психологы,  ата-аналар, оқушылармен

жүргізген жұмыстарының есебі

 

        Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.                                 ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.  Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру – оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.    

2018-2019 оқу жылында оқушыларды қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындау үшін

1. Ұйымдастырушылық-ақпараттық

2. Әдістемелік жұмыс

  1. Бақылау, талдау, түзету бағыттары бойынша, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша анықталған мәселелер мен жіберілген кемшіліктер бойынша ақпараттар банкін құру, тиімді дайындау жүргізу мақсатында қысқа мерзімді аналитикалық жоспар құрылды.

Ұйымдастырушылық-ақпараттық кезеңде жоспарға сәйкесті директор орынбасары жанындағы кеңесте ұжымды қорытынды аттестаттау мен жаңа форматтаға ҰБТ–ні ұйымдастыру мен өткізу сұрақтары бойынша нормативтік құжаттармен таныстырдым. 2017-2018 оқу жылындағы ҰБТ-тің қорытындысы бойынша жекелеген пәндердің қорытындысы таныстырылып, жіберілген кемшіліктер анықтап, шығу жолдарын ақылдастым.

         11-сынып оқушыларымен кездесу өткіздім, оларға жауап парақшаларын толтыру бойынша, ҰБТ кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы кеңес бердім. Мектептегі 41 оқушының екеуі ҰБТ бас тартып отыр. Олар: Қайыр Бекежан Нұрланұлы, 11 а сынып, Тагиров Сәкен 11 ә сынып оқушысы. Демалыс уақытында және күнделікті сабақ барысында оқушылармен қосымша сабақ өткізу кестесі құрылып, мектеп директорымен бекітіліп, сабақтардың сапалы өтуін бақылап отырдым. Келмеген оқушылармен пән мұғалімдері әңгімелесулер өткізді. Көкшетау қаласына барып, қысқы ҰБТ тапсырып келген оқушылармен дөңгелек үстел өткіздім. ҰБТ тапсырған оқушылар өздерінің аудиторияға кіргеннен бастап, бастарынан өткерген сезімдері, аудитория кезекшісінің іс-әрекеті, ұялы телефонды пайдалануға мүмкіндіктер болмаған туралы айта келіп «Тек өзіңе, өз біліміңе сену керек» деген тұжырым жасады. Тәжірибелі мұғалім Л.И.Тультаева және мен өзім санатымызды көтеруге барған кездегі әсерлерімізбен бөлісе отырып, оқушыларды тек оқу, дайындалу, мықты біліммен қарулануға шақырдық.

Ата-аналарымен кездесіп, әр пән мұғалімі өз пәнінен оқушының қаншалықты балл алып отырғанын және қосымша сабақтарда қаншылақты деңгейде келіп жүргендерін слайд түрінде көрсетіп өтті. Ата-аналар тарапынан түскен сұрақтарға сынып жетекшілері, пән мұғалімдері толық жауап берді. Әр пән мұғалімі өзінің тарапынан жеке жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.

Оқушылар бірнеше рет сынама тест тапсырды, пайыздық көрсеткіші аудандық білім бөліміне жіберіліп отырды.

      Әдістемелік кезеңде. 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға сапалы, табысты дайындауға, пән мұғалімдерінің мотивациясын арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдермен жеке әңгімелесулер болды. Бірнеше рет 11-сыныптардың сабақтарына қатыстым. 08.02.2019 жылы мектеп оқушыларының қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестке дайындығын арттыру мақсатында мектеп мұғалімдері арасында  «Қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикумын өткіздім. Семинар-практикумға 11-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты. Семинар-практикум барысында тәжірибелі мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерімен ой бөлісті және дайындықты жақсартудың түрлі жолдарын қарастырды. Мектеп психологы А.К.Бекебаева «Қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындау бойынша мұғалімдерге кеңес» беру тренингін өткізді. Тренинке мұғалімдер толықтай ат салысты, бірнеше кеңестер алды.

     «Тарих пәні бойынша ҰБТ дайындау әдістемесі» тақырыбында жоғары санатты, тәжірибелі маман Л.И.Тультаева «Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша кеңестер» тақырыбында А.И.Нурушева, «Жаратылыстану пәндер бойынша қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындаудағы тиімді әдістемелер» тақырыбында А.К.Олжановалар өз іс-тәжірибелерімен ой бөлісті.  Өз тәжірибем бойынша бүгінгі күні оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету мақсатында жас маман Б.Б.Бекшораевпен бірлесе отырып, уақыттарды бөліп, пән мұғалімдеріне оқу сауаттылығы 20 минут, математикалық сауаттылық 20 минут, Қазақстан тарихы 20 минутта жауап беруге, қалған уақыттың көбін таңдау пәндеріне қалдыру ұсынылып, қазір мұғалімдер сынама тесттен бөлек сабақтарында тест жұмыстарын уақытқа шақтап алып жатыр. Соның нәтижесінде наурыз айында 41 оқушының 39 көктемгі ҰБТ тапсыруға барып, 71,1 пайыз алды, бұл да көңіл қуантарлық жай емес, дегенмен бастамасына қарағанда көтерілу бар. 

 

 

 

Оқу ісі жөніндегі орынбасар                              А.Ж.Абдрахманова

 

Жаңартылған күні: 28.04.2019 16:45
Құрылған күні: 28.04.2019 16:45

Текст