Текст
13.02.2024
Мектебімізге № 6 құтқару бөлімшесі Щучинск қ. Жедел құтқару жасағы келіп, Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесін, Жолда жүру ережесін, Көктайғақ жолда жүру ережесін түсіндіру мақсатында оқушылармен Сатыбаев К.Б, Шмидт А.М, Салимов О.Ж құтқарушылар алдын алу шараларын өткізді. Келесі ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз: * Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ. * Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз. * Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз. * Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Егер, бірінші тепкіден аз мөлшердегі су көрінсе немесе мұз бетінде аз-кем жарықшалар пайда болса, мұз жұқа және оның үстімен жүруге болмайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда міндетті түрде судың жағасына келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Аяғыңызды иық тұсымен мұздан алмай, жеңіл адымдап жүріңіз, себебі, күш бір нүктеге түспеуі керек. * Мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер бұндай із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыңыз. * Топ болып, мұздан өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер.
https://drive.google.com/file/d/1JYgYDOqDxI9ufsTrzPLqjU0r5pUwjGUi/view?usp=sharing
13.02.2024
Мектептің бетке ұстар ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог – шебер – Калмаганбетова Гулайым Тастановна байқау шарттарына сәйкес «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңінде жүлдегер атанды!!! Мектеп ұжымы сізді шын жүректен құттықтаймыз!
13.02.2024
Егер сіз балаларға қатысты зорлық -зомбылық фактілері туралы білсеңіз, QR код бойынша өтіп,мобильді топқа хабарлаңыз
13.02.2024
№9 мектеп-гимназиясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша КДИ филиалы «Мәтінмен жұмыс - оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың негізгі тәсілі» тақырыбында Бурабай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен семинар-практикум өтті. «Өрлеу» кәсіби даму институтының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары, тренерлері Алькенова Ботагоз Камзовна, Самуратова Рауза Тукеновна ұстаздарға оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен талдау жұмысын жүргізу жолдарын көрсетті. Семинар барысында Обалы ауылының негізгі орта мектебінің мұғалімі Кыдырекешова Диянна Маратовна 5-сынып оқушыларымен «Бос уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында ашық сабақ, №9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нургужина Гульжайна Жаксыбаевна «Геймификация арқылы сөз менеджментін қалыптастыру» шеберлік сыныбын, №9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші Қуандық Жанар Тұяққызы «Айтыс арқылы оқушыларды ұшқыр
13.02.2024
Буккроссинг (ағылшын тілінен аударғанда - “кітап алмасу”) – халықаралық қоғамдық қозғалыс. Оның миссиясы – “том-том кітаптарды бостандыққа шығару” және “кітап оқу” идеясын насихаттау. Бұл қозғалыс қызметі былайша іске асады: кітапты оқыған адам оны қоғамдық орынға (кафе, кітапхана, метро бекеті) қалдырады, сонда оны кез келген адам өзіне алады. Кітапты алған адам кейіннен үрдісті қайта бастайды.Біздің кітапханада “Өзің оқы - өзгеге ұсын” атты буккросссинг бұрышы бар. Мүмкін сіздің кітап сөреңізде , Сіз ұсынатын кітаптар бар шығар.
13.02.2024
Өзін өзі басқару ұйымы волонтерлік акцияларға белсене қатысады. Жақсылық жасап жарысайықшы!!!
13.02.2024
Бурабай ауданы ішкі істер басқармасы Жүргізушіге хат атты бастауыш сыныптар арасында байқау ұйымдастарған болатын. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз: 1 а сынып Нұрыш Інжу 3 а сынып Қайыргелді Ансар. Құттықтаймыз!!!!
13.02.2024
Смарт 1 ,,Алшы,, тобының ұйымдастыруымен ,, Бұл біздің өмір,, атты сахналық қойылым көрсетілді. Көрсетілім мақсаты: жастар арасында буллингтің, вейптің, суицидтің алдын алу, оның зияндылығын балалардың қойылымы арқылы жеткізу көзделді.Шығарма желісі бойынша Анар атты қыздың жаңа мектепке келгендегі қорлығы оның жанын ауыртып, қиналып, проблемасын ешкімге айта алмай өзі өзіне қол салуға дейін барады.Сәбит атты оқушы Анарды өлімнен құтқарып, оның өмірге деген құлшынысын арттырады.Осы драмалық шығарма арқылы балалар қандай қиын кездерден де жол тауып шығуға болатынын және адал достықтың барына көз жеткізді. Қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.
13.02.2024
ТҚПТ ЖҚП бөлімі 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесі барысында оқушылар өздерінің құқықтары мен демалыс уақытында өздерін ұстау туралы ақпарат алды. Спикерлер: 1. Әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Акпаева Дина Талгатовна 2. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары мен шектеулері» тақырыбы бойынша полиция лейтенанты Жуманалин Думан Куандыкович
13.02.2024
2-7 сынып окушылар арасында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінің "Химия биология" секциясы бойынша мектебіміздің 5 Б сынып оқушысы Серік Аяна жүлделі 3 орынға ие болды.Жетекшісі :Уалиева Г.М Жүлделі орын құтты болсын!