«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүнгі таңда Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәскеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі таңда жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасын, білім алушылардың дарындылығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Солардың ішінде қасиетті тілімізден әдебиетіміздің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін олимпияданың алар орны айрықша. Осы орайда 2021 жылы ақпан айының 18-19 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Әйгілі педагог, ұстаздардың ұстазы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қ.Бітібаева атындағы олимпиядаға 16 ауданнан және Нұр-султан, Көкшетау қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпияда 2 кезеңде өткізілді. 1 кезең - жазбаша (Эссе); 2кезең-тест тапсырмалары. бұл олимпияда Бурабай ауданынан 3 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бурабай ауданынан 1-ші дәрежелі дипломмен Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясы 9 сынып оқушысы Батырбекова Шырын (жетекшісі Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна ) марапатталды. Шын жүректен құтықтаймыз!!

23.02.2021
Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст