Смарт 5 ұйымдастырған дебаттың сценарийі 29.09.2021
Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, пікірсайысымыздың қонақтары!
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Бұл күндері қоғамда қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты мәселе қызу талқыланды. Осы мәселе төңірегінде 9-11 сынып оқушылары да қалыс қалмай өз ойларын ортаға салмақшы. Олай болса, бүгінгі пікірсайысымызды бастайық.
Пікірсайысымыздың тақырыбы:
«Қазақтың алғашқы мектептері»
Пікірсайыстың мақсаты: қатысушылар жиналған қауымға өздерінің көзқарастарының шынайы екендігіне көз жеткізу.
Міндеттері:
Дебат ( Пікірсайыс)– бұл зияткерлік ойын, әр топта үш адамнан екі топ қатысады және әділқазылар алқасын сайлап аламыз.Дебат командасының мүддесін қорғайтын ойыншылар спикерлер деп аталады. Әр спикер өзінің белгілі міндеттерін қатаң орындайды, оларға сөз сөйлеуге нақты уақыт беріледі. Сонымен бірге, ойынға қатысатын командалар өздерінің міндеттерін орындайды: бір команда жақтаушы жақты ұсынады және оның спикердері Ж1, Ж2, Ж3 деп белгіленеді. Екінші команда даттаушы жақты ұсынады, оның спикерлері сәйкесінше, Д1, Д2, Д3 деп белгіленеді. Әр спикер белгілі тәртіппен нөмір ретін сақтай отыра, шығып өз сөзін сөйлейді. Ойын соңынан көрермендеріміздің дауыс беруге қатысып, қорытындысын шығарамыз.
Спикерлердің міндеттерімен таныстырып өтейін:
-Әр топтың спикері Бірінші спикерлері топты таныстырып өтеді.
-Бірінші болып пікірсайыс алаңына жақтаушы жақтың (Ж1) спикері шығыды.–
- Тақырыптың өзектілігін негіздейсіздер.
- сөйлеу шеңберінде қолданылатын (ұғымдарға, статистикалық мәліметтерге, терминдерге) түсіктеме бересіздер;
- көзқарастарыңызды нақты, жүйелі түрде ұсынасыздар.;
Экранға назар аударсаңыздар.
Ж1- 5 минут
Сұрақтар кезеңі Д3Ж1- 2минут
Д1 - 5минут
Сұрақтар кезеңі Ж3Д1- 2минут
Ж2 – 4 минут
Сұрақтар кезеңі Д1Ж2 -2минут
Д2 – 4 минут
Сұрақтар кезеңі Ж1Д2 -2минут
Ж3 – 4 минут
Д3- 4 минут
Жапон ғалымы Секи Такаһарудың: «Адамдар пікірі – қоғам дамуының қуат көзі. Әр пікір айтылған сайын сан мың жаңа идеялар туады»,-деген екен. Жақтаушы жақ және даттаушы спикерлері өз кейстері бойынша ойларын ортаға салады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз- қорқақ, қол-батыр»,-деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанап нақты нық қадаммен алға басайық!
Жақтаушы және даттаушы спикерлерді таныстыру сәті. |
Пікірсайысымыздың ұйымдастыру кезеңі. |
Рефлексия «Бас бармақ» |
Әр спикер өз кейсін қорғау кезінде. |