«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастар-ел болашағы

28.04.2019

Жастар-ел болашағы

           Жастар-ел болашағы деп, елдің ертеңінің жарқын болуына үлес қосатын деп айтсақ, артық емес шығар. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағынасы, өнегелі тәрбие мен  білім беру - бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Осы орайда 2018 жылы 1-2 қарашада Ресей Федерациясы , Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Халықаралық ғылыми академиясы: экология, инженерия және педагогика» II ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияға ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, республиканың, облыстардың жеңімпаздары, сонымен қатар колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бұл конференцияға Бурабай ауданы, Щучинск қаласының мақтанышы,11-сынып оқушысы Барлыбаева Гүлден қатысып, I жүлделі орынға ие болып, «жас ғалым» атағын алған болатын. Оқушымды бұл жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Барлыбаева Гүлден, сонымен қатар Бурабай ауданында 2018 жылдың 27 сәуірінде өткен ғылыми жоба сайысына қатысып, I орынды иеленді. Алдағы уақытта бұл ғылыми жобамен Бурабай ауданының намысын, 15 қараша күні облыс орталығы Көкшетау қаласында қорғайды. Оқушыма  қолдау көрсете отырып, сәттілік тілеймін. Өйткені, бұл тек №9 мектеп-гимназиясының жемісі ғана емес, Бурабай ауданымыздың, облысымыздың жемісі болып табылады. Өте ізденімпаз, ақыл парасаты мол, нағыз қазақтың оқушысына тән қасиеттері көп болып саналатын оқушымыз Барлыбаева Гүлденнің алар асуы алда деп ойлаймыз. Болашақта, оқушыма ҰБТ–ден сүрінбей өтіп, алдына қойған мақсатына жетіп, тек қана биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспін! Бағың мен еңбегің жансын, оқушым!

 

 

Тультаева Л.И.,

№9 мектеп-гимназиясының

тарих пәнінің

жоғары санатты ұстазы.

Просмотров: 642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст