Адал ұрпақ - мәңгілік ел болашағы
Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мәдени іс-шаралар,"Адал ұрпақ", "Жасұлан" ұйымдары "Адалдықтың дүкені" сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Білім беру ордаларында да жас ұрпақты адалдық, әділдік тәрізді ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру мақсатында "Жемқорлыққа жол жоқ" іс-шаралары дәстүрлі түрде өтуде.
Осындай " Адал ұрпақ" іс-шарасына алғашқы болып қолдау көрсеткен білім қара шаңырағы атанған 9 мектеп-гимназия ұжымы.
2019жылдың 3 қыркүйек күні біздің білім ордамызда " Адал ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында үлкен мәдени іс-шара өтті.
Атап айтсақ 9"А" сыныбында "Адал ұрпақ мәңгілік ел" идеясы тақырыбында ашық тәрбие сабағы өтті.
Сабақ барысында оқушылар "Жемқорлық - індет, жою міндет" тақырыбында ой бөлісіп , Адалдық, әділдік туралы өлең оқып , "жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында суреттер салып, өздеріне рухани әсер алды.
Бүгінгі іс-шараға арнайы келген Бурабай аудандық мәслихат төрағасы Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан өзгерістерге тоқталып, адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет-адалдық, қамқорлық туралы терең ой тастап, оқушыларға бағыт-бағдар берді.
Мектеп директоры Кушекова Бибігүл Қуанышқызы келген қонақтарға және оқушыларға жылы лебізін, ризашылығын білдірді.
Мұндай іс-шаралардың жас ұрпақты адамдық, адалдық қасиеттерге баулуға қосар үлесі зор!