«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған IX республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқауының облыстық кезеңі

27.10.2022

      8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған IX республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқауының облыстық кезеңі

                 «Ақберен» өнер байқауы — жыл сайын еліміздегі өнерлі, дарынды оқушылардың басын қосып, үздіктерді анықтайтын жоба Биыл тоғызыншы мәрте өтіп жатқан байқаудың дарынды жастардың шығармашылығы мен дарынын шыңдауда, өнерге, әдебиетке баулуда маңызы өте зор.

      Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» ұйымдастырған 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған IX республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқауының облыстық кезеңін 2022 жылғы 20-22 қазан Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжінің базасында  өткізілді

   Байқаудың мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу. Байқауға Ақмола облысы бойынша  104 оқушы қатысты. Байқауға қатысқан дарынды оқушыдар  6 номинация бойынша өнер көрсетті. Атап айтсақ, «Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркемсөз оқу», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар айтысы» және «Ақындар мүшәйрасы».
      Екі күнге созылған байқауда әділқазылар алқасының әділ шешімі бойынша  шын жүйріктер мен шығармашыл оқушыларды анықталып,  
ресми шарада жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысының білім басқармасының  алтын, күміс, қола медальдарымен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

       Дүбірлі додаға  Бурабай ауданынан   6 оқушы қатысып, байқаудан әр номинациясы  бойынша оқушыларымыз  жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар атанып, жеңістің биік тұғырынан көріне білді.Атап айтсақ,  байқаудың облыстық кезеңінде  «Көркемсөз оқу» номинациясы  бойынша  № 9 мектеп - гимназиясының 11-сынып оқушысы Батырбекова Шырын ІІІ орын (жетекшісі Сапарбекова Б.М.), «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы  бойынша бойынша  № 9 мектеп - гимназиясының 10-сынып оқушысы Кабдуллин Мадияр І орын (жетекшісі Сапарбекова Б.М.),  «Ақындар айтысы» » номинациясы  бойынша бойынша  № 9 мектеп - гимназиясының 9-сынып оқушысы Сейтімхан Кәусар  І орын (жетекшісі  Қуандық Ж.Т.),  «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы  бойынша Атамекен орта мектебінің 11-сынып оқушысы  Тилеухан  Еңлік І орын (жетекшісі  Зикирина А.С.) иеленіп, алтын,  қола медальдарымен және І, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. І орын жеңімпаздары  Кабдуллин Мадияр, Сейтімхан Кәусар, Тилеухан  Еңлік

 

 

  Республикалық  байқауға жолдама алды.Жас дарындарға ақ жол мен сәттілік тілейміз!  Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз!     

 

Просмотров: 814


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст