Текст
Аутизм – ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен, бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста өте сезімтал болады. Миы ақпараттарды қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді. Бала көп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды