«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отты жылдардан естелік»

15.02.2018

«Отты жылдардан естелік»

1989 жылы,ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған,мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды.Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде,өскелең ұрпаққа жауапты, қоғамдағы көкірегі ояу,елдің тарихын терең зерттеген,  болашаққа зор үмітпен қарайтын, Отанды жанынан артық санайтын азаматтар осы ардагерлердің Отан алдындағы борыштарын адал атқарған батыр екенін айтуымыз керек. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің

шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Осы батырларымызды

қадірлеп,құрметтеу біздің міндетіміз.Осы мерекеге орай біздің №9 мектеп-гимназиясында мектеп директоры Кушекова Бибігүл Қуанышқызының

бастамасымен АӘД пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен тарихи кездесу өткізілді.Қонақ ретінде мекебімізге Ауған

соғысының ардагері,1985-1987 ж.ж. АДР-ның Баграм,Кундуз провинцияларында әскери міндетін атқарған аға-лейтенант ,Буланов Берік Сатыбалдыұлы,1988-1989 ж.ж. өзінің интернационалдық міндетін Ауғаныстанда атқарған аға-сержант Оспанов Еркін Кабденович,1987-1989 жылдарда Ауған соғысына қатысқан ағаларымыз шақырылды.Тарихи сыр-сұхбат кешінде оқушылар ардагер ағаларымызға ән-би,авторлық өлең,АК-74 қаруын шашып-жию тәртібін,зіл темір көтерудің өнерін көрсетті.Сол кеште аталған тарих беттерін парақтап,бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін ардагерлерді әңгімеге тартып сұрақтар қойылды.Ардагер ағаларымыз өз тарапынан оқушыларға өнеге-өсиеттерін ,батырлық пен қайсарлық деген сөздің мағынасын терең түсіндіріп берді.Ардагер ағамыз, Бауыржан Момышұлының  «Айбындылық аспаннан түспейді» деген жалынды сөзін есіне түсіріп,дана халқымыз қаһарман ұлдарын пана тұтқандығын айтты. Ұйымдастырылып өткізілген тарихи-сұхбат кешінің мақсаты ардагер ағаларымызбен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып,оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту,тарихи оқиғалар

туралы мәліметтер беру,оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!

Просмотров: 700


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст