№9 мектеп-гимназиясында акпанның 15 күні Ақмола облысы дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық» қатынастарды дамыту және талдау орталығының басшысы Шарипов Тоқсанбай Кайкенұлы 9 сынып оқушыларымен «Дін және салт-дәстүр» тақырыбында семинар сабақ өткізді.Тақырып өте өзекті болғандықтан оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Оқушылардан дін жолындағы ағымдардан сақтанып жүруді ескертті.Діни Ісі жөніндегі Басқарма ұсынған сайыттарға ғана әр түрлі іс-беттерді оқуға жол көрсетті.Қазіргі заман талабына сай «Діни» есімді жамылып сан-түрлі сайттар бар екендігін және олардың жойылып,күн сайын жаңа сайттардың артып келе жатқанын мәлімдеді. Оқушылар өздерінің дін жайлы түсініктері мен білетіндігі жайлы ой бөлісті.Бізге Ислам діні салт-дәстүрімізге айналғанын мақтанышпен айтты.Бұл кездесуден кейін оқушыларда басқа ой қалыптасқаны байқалды.Оқушыларға жазба түрде сауалнама қойылып,ой-пікірлер айтылды.Оқушылар қазақ халқының діні мен салт-дәстүрінің өте бай екенін және оның жастар үшін тәрбиелік мәні зор екенін ұғынды.Ғаламтордың кеңінен қолданылу салдарынан дінімізге,салт-дәстүрімізге сәйкес келмейтін кері түсініктерден сақтанудың ең дұрыс жолы- дін өкілдерімен
болған сұқпаттардың маңызы жоғары деп айталамыз..