Ақпан айының 5-і күні Щучинск қаласындағы №9 мектеп- гимназиясының 4«Б»сынып оқушылары ауданымыздың жылы сарайы мешітіне «Мейірімділік-жан шуағы» атты өзін-өзі тану сабағынан саяхатқа барып қайтты. Мақсаты: Оқушылар мешіт қабырғасымен таныса отырып,
имамдардан мейірімділіктің қыр-cырларын біліп, шариғаттар тыңдай отырып, көкейкесті сұрақтарына жауап алу болатын. Алланың сарайына оқушылар кіре-сала таңдана түсіп, есіктен
айқара құшақ жая қарсы алған Шарипов Ұлан имаммен қол алыса амандасудан бастап кеттік. «Амандасу салтымыз бар» деген ұранды ұстанатын оқушыларым сол мешітке намазға келген ақсақал аталарына да қол берісіп жатты. Ұлан ұстаз мешіттің бар қабырғасымен таныстырып өтті. Намаз залына жайғаса кетіп:" Мешітке кіргенде қандай дұғалар оқылады? Мешітке кіру тәртіптері қандай? Қанша тиын садақа деп саналады? Оразаны неше жастан ұстау керек?" деген сұрақтар оқушылар арасынан қойылып жатты. Әрине, әр оқушы нағыз мейірімділік мешіттен боларына кәміл сенеді. «Сол мешітте шамалы уақыт болып қайтсақ та, қаншама ой тарқатып, әр істеген
жақсылығымызға ой өрбіте түстік»- дейді сынып оқушыларым. Қоштасу сәтінде Ұлан имам өзі оқушыларға біршама кеңестер айтып, бата берді. Әр оқушы садақа бере отырып өз ата- бабаларының рухын еске алды.