«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қайырымдылық жасаудан жалықпайық!

06.02.2018

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі  – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір  - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.  Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. №9

мектеп-гимназиясында  2018 жылдың  қаңтар айының 10-нан  ақпан айының 10 -на дейін республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізіліп жатыр. Акцияның мақсаты мектебіміздегі көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсету болып табылады. Осы мақсатта мектебіміздің бірнеше демеушілері акцияға өз үлестерін қосты.  Атап айтсақ, қаңтар айының 16-күні «Цесна» банктің демеушілігімен  банктің туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға 4 оқушы қатысты. Қаңтар айының 30 күні «Бурабай даму» кәсіпорынының бас директоры Ғалымжан Кенжешұлының демеушілігімен  22 оқушы «Қазақстан Лапландиясы» демалыс орына

апарылды. Ақпан айының бесі күні «Қамқорлық жасаудан жалықпайық!» тақырыбында

демеушілермен кездесу өтті.    Кездесуге ауданымыздағы Орталық мешіттің наиб имамы Шарипов Ұлан Беркінбайұлы, жеке кәсіпкер Садуов Жанат,  «Цесна» банктің директоры Бугреева Лариса Фанильевна, банк өкілі Айнагуль Макеева, «Халық» банктің өкілі Унайбеков Раис Жумабаевич,  «Бурабай даму»  ЖШС өкілі Асқар Айнур атты демеушілер келіп, оқушыларға қайырымдылық тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Жалпы демеушілердің көмегімен 59 оқушыға    110000  теңге көлемінде  материалдық көмек көрсетілді. Мектеп директоры Кушекова Бибігүл Қуанышқызы келген демеушілерге алғысын білдіріп, қайырымдылық жолында жасаған ізгі амалдары көпке үлгі екенін айтып өтті. Мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар табысталды. Болашағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық. Мұқтаж жандарға мейірімділікпен қарайық.

 

Просмотров: 798


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст