«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ортақ мүдде – озық әдіс

05.02.2018

Қазақстандағы оқу жүйесіндегі басты жаңалық – мұғалімдердің жаңаша форматта білімін жетілдіруі болып отыр. Бұл – өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір

бойы білімге ұмтылуы тиіс. Осындай үздіксіз білім берудің озық  әдіс-тәсілдерімен   мектебіміздегі деңгейлік курстан өткен  мұғалімдер:  Б.Сапарбекова, Г.Нургужина, Г.Калмаганбетова, Л.Тультаева, С.Оспанова, Г.Уалиева, Р.Жантаева, М.Каркенова бөлісті. Мұғалімдік тәжірибені әріптестерімен бөлісудегі басты мақсат – оқу мен оқыту процесінде түрлі кедергілерді жеңе отырып, педагогтардың теориялық  білімдерін саралап, зерделеп, одан әрі толықтырып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді

пайдалану жолдарын іздестіру болды.  Өтілген   іс-шарада ұстаздар оқу үрдісінде қолданылатын  жаңашыл әдіс-тәсілдермен  бөлісіп, сабақ мақсаты нақты әрі қолжетімді болуын, сабақтың әр кезеңіндегі таңдалып алынатын тапсырмалар нәтижеге бағытталу керектігі жөнінде тәжірибе алмасты.

       Өйткені сабақ берудегі ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді. Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс – тәсілдерді таңдап, саралап

қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ал заман талабына сай жаңашыл, ізденімпаз

ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларын тану және ортақ

белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сол себепті  жаңартылған бағдарламаның тиімді әдіс-тәсілдерін сабақтарында кеңінен қолданып, оқушыларын өздігінен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеген ұстаздардың тәжірибе алмасуға бағытталған бұл іс-шарасы оң нәтижесін береді деген ойдамыз.

        Кеңес беру пунктерінде «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модуліндегі «Ойлар бұлты», «Стикердегі  диалог» т.б әдістердің жаңа тақырыпты бекіту, үй тапсырмасын сұрау мақсатында тиімді екендігін айта келіп, қолдану жолдарын түсіндірді.  Ал оқушылардың сыни ойлауын дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша   ой-өрісін, сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже беретінін айта отырып, «Екі түрлі күнделік», «РАФТ», «Фишбоун»,  «Мадақтау сэнвичі», «Жәрмеңке алаңы», «5 минуттық эссе», «Трегов бұлттары», «Т кестесі» т.б.  әдіс –тәсілдері оқушының ойлануына, олардың көшбасшылық, шығармашылық қасиеттерін анықтауға, талдау мен бағалай білуге, щешімдер шығара алуға, нақты дәлелдер келтіруге үйретуге мүмкіндік беретіндігін ұғындырды.

        Мұндай іс-шараны өткізуде үлкен мән жатыр, өйткені  Ж. Аймауытовтың «Баланаң ынтасын арттыру үшін оқытатын нәрседе бір жаңашылдық болу керек», – деген сөзі бар. Неге десеңіз, әр оқушы сабаққа келгенде  жаңа білім алып шығуымен қатар, өзінің де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деп  Уильм Уорд айтқандай, әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетінде дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі  жаңашыл идеялар жетегінде

жүрсе, білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.

Просмотров: 589


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст