«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебіміз сені мақтан етеді!

05.02.2018

                         

Мектебіміз сені мақтан етеді!

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-ұлттық кодыңды сақтай білу», -деп әрбір қазақстандық азаматтың атқаруға тиіс міндеттерін айқындап берген. Ал сол ұлттық сананың қалыптасуы тарихи санадан бастау алатыны мәлім. Тарихи сана қалыптасу үшін де адам ең әуелі өзінің төл тарихын, шыққан ата-тегін білуі керек. Өскен ортаның ел жадында қалған елеулі оқиғаларын зерделемей өсу мүмкін емес. Жастайынан көзі қанып өскен өлкенің әр тасы келешекте бағыт сілтейтін ғасырлар қойнауындағы мәңгілік бағдаршамың болып қала бермек.

      Біз өмір сүріп жатқан ғасыр-білім мен ғылым ғасыры. Негізі қанша құмарың қанып ішсең де сарқылмайтын, тереңіне бойлаған сайын өзіне баурап алатын, жаныңа жаққан ақыл мен даналық шырыны білім екеніне талас жоқ. Ал білім негізі-мектепте. 2016-2017 оқу жылдары  Рахимов Шернияз мектепішілік «Әжемнің мәржан сөздері» атты ғылыми жобаға қатысты. Мақсаты: Әжемнің тәлім-тәрбиелік құндылығы бар шығармашылығының жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын көрсету және тәрбиелік процесте пайдалануға ұсыну болатын. 2016-2017 оқу жылдары осы жобасы мен аудан көлемінен І орынды иеленіп, облысқа жолдама алды.

    Қарашаның 1мен 3-ші жұлдыз аралығында Көкшетау қаласында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген 1-7 сыныптар арасында облыстық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық байқауында Рахимов Шернияз «Әжемнің маржан сөздері» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысын сәтті қорғап, жүлделі I орынға ие болып, байқау дипломы және  сертификатымен марапатталды. Шернияздың бұл жұмысы Республика көлемінде «Оқушылардың танымдық және шығармашылық ізденістерінің дамыту жолдары» жинағына еніп таралды.  

  «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру  орталығында (Щучинск қ.) 2018 жылғы 29-31

қаңтар күндері 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми  жобалары конкурсының  республикалық кезеңі  өтті. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан 420-дан астам жас ізденушілердің ішінде Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласынан №9 мектеп-гимназиясының жас зерттеушісі Рахимов Шернияз этномәдениеттану бойынша  жобасын ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша  Шернияз

ІІ орынға ие болды. Рухани жаңғыру қазақ елінің алдында тұрған ұлы мұрат міндеттердің бірі болса, тәуелсіз Қазақстандағы өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектеп кемел келешекке апарар білімнің алтын шамшырағы.Сондықтан да әр ұстаз бен шәкірті жаңашылдық пен ізденіс үстінде болуы керек.

     

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст