Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Үйге нұр, ұяға көрік, тұрмысқа ажар, көңілге базар сыйлайтынол ,әрине - бала. Ал егер бала дарынды болса ол, тіпті, нұр үстіне нұр болары ақиқат.
Ғұламалар: «Адам баласының бойындағы дарындылық тек бір ғана пайызды құрайды.
Ал қалғаны оның тәрбиесі мен өзінің өсіп-жетілгеніне байланысты» дейді. Бұған қарағанда,
адам бойындағы дарындылық қасиет барлық адамда болса керек. Көп жағдайда ол адамның
өз қолында секілді. Осындай өзінің бойына табиғат берген талантын шыңдап жүрге №9 мектеп-гимназиясының 4«Ә» сынып оқушысы , өз әндерімен баурап алатын, Кабденова Мерей Еркінқызын айтып кетуге болады. Мерей біздің мектеп табалдырығында мектепалды даярлық тобынан бастап оқып келеді. Сол кезден -ақ тәрбиешісі Исмагулова Шария Сатыбайқызы әнге деген қызығушылығын аша түсіп, шағын сахналарға шығаратын. Қазіргі таңда Мерейдің мектепішілік, аудандық, республикалық, халықаралық жетістіктері жетерлік. Аудан бойынша «Ана туралы ән» байқауынан диплом мен марапатталса, халықаралық «Атадан- мұра» байқауында үздік өнер көрсетіп, көрермен көзайымы болып І дәрежелі дипломға ие болды. «ART BAYTEREK», «ASTANAEХPO-2017» халықаралық байқауына шақыру қағазын алып, ІІІ дәрижелі диплом мен марапатталып, кубог иегері атанды. Астана қаласының Білім басқармасы
ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлы дала- ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған І Республикалық байқауында арнайы жүлде иегері атанып, кубогпен оралды. Осындай оң нәтижелі орындар алуына байланысты биылғы 2018 жыл елбасы шыршасына шақыру алып, Мерей ноутбук сыйлығымен марапатталды. Өз сөзінде әнші қызымыз «маған мұндай сыйлықтан асқан сый-сыяпат бар ма?!» деп қуанышпен айтады. Алдағы талабына айтарымыз Мерейдің өнері өрге баса берсін!