Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Жаһандану үдерісінде,
шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазына байланысты екенін білеміз. Дарынды оқушылармен жұмыс
жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін маңызды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашуға тиіс, яғни оқушының барлық
мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасалуда. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Менің сыныбым осы ұранды өмірлік ұстаным етеді.
Туған жер
Менің туған жерім –Қазақстан! Біздің жер өте әдемі. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Аллаһ тағалам әдемі ағаштар, көлдер, түрлі- түрлі гүлдер, жануарлар, аңдар, құстарды жаратты.Біздің Астанамызда үлкен үйлер өте көп. Біз осы жылы ЭКСПО-ға бардық. Өте қызықты болды. Мен Щучинск қаласында тудым. Бурабайдың табиғаты күшті, ауасы таза.
Аллаға шүкір біз- мұсылманбыз, дініміз- ислам. Менің елім ең күшті, ең әдемі. Мен осы Қазақстанда туғаныма мақтан тұтамын. Елімізді бәріміз бірге сақтайық, қорғайық, жақсы көрейік.
Жүсіп Надира
1 «Ә» сынып оқушысы
Менің ауылым
Отан – оттан да ыстық демекші мен өзімнің кіндік қаным тамған туған жерім Мәдениет ауылы туралы жазғым келеді. Бұл ауылдың ауасы да табиғаты кең, өте ұйымшыл ауыл. Әрбір сол жерде өткізген уақытым, бірге ойнаған достарым есімде.
Ауыл шіркін керемет қой.
Қайран менің туған жерім.
Жасай бер, туған жерім.
Көркейе бер, туған елім.
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас» деген сөзде каншама
мән мағына бар. Сондықтан да мен өз ауылымды мақтан тұтамын.
Құмар Жанерке
1 «Ә» сынып оқушысы
Менің елім.
Менің туып өскен елім-Қазақстан. Қазақстан өте бай, кең, байтақ жер. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Астана –өте әдемі жас қала. Еліміздің табиғаты тамаша! «Отаным, елім, жерім» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақанышпен, асқақтықпен айта аламын. Мен өз көрікті еліме өте мақтанамын.
Қазақстаным жасай берсін!
Анарбек Әлемхан 1 «Ә» оқушысы