«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сұңқар» әскери-патриоттық клубы.

01.02.2018

Бурабай ауданы Щучинск қаласының қара шаңырағы аталып жүрген №9 мектеп гимназиясында жас ұрпаққа тиянақты білім беріп,тәлім- тәрбие үйретіп ,елдің ертеңгі кемел болашағы бүдірсіз түзу болу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен әскери-патриоттық бағытта жұмыстар жүргізілуде.Мектептегі «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы, «Мерген»

үйірмесі ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ететіндей іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің халыққа жолдауында: «Жас ұрпаққа тиянақты білім беріп, тәлімді тәрбие бойларына ұялату» бағытында жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.Өз алдына балалар үйірмеге қатысып қана қоймай, аудандық жарыстарға да қатысып жүлделі орындарға ие болуда.Сонымен қатар мектепте  Ауған соғысы және Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізілді.Осы батырларды қадірлеп, құрметтеу, «батырлық», «қайсарлық» деген сөздің мағынасын терең түсінуге, тікелей сұрақ-жауап арқылы, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі артады.          Бүгінгі таңда жасөспірімдердің физикалық және физиологиялық денсаулықтарын жетілдіруге бағыттайтын сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану үшін пневматикалық винтовкадан дәлдікке ату,АК-74 автоматын шашып-жию , кермеге тартылу, және т.б. жарыстар

ұйымдастырылып тұрады.Осындай шараларды өткізіп, балаларға ерекше жағдайды туғызып отырған,қару-жарақты,әскери киімдерді,қажетті бұйымдарды мектебіміздің директоры Кушекова Бибігүл Қуанышқызы қамтамасыз етті.

Абай атамыз айтқандай: «Тәрбиеші -ұстаз баланың қожасы болмасын,жұмсақ жолдасы болсын»- дегендей, баланы тәрбиелеген кезде ішкі дүниесіне көп көңіл бөлген жөн.Осы іс-шаралардан ерекше әсер алып,ерекше сезіммен бала үйіне оралса,шын еңбектің жемісі деп

айтуға болады.Келешекте мектебіміздің абыройын асқақтатып,биік белестерден көрінуге осы балалар ат салысады дегенге мен өзім кәміл сенемін.

 

Просмотров: 656


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст