«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан Лапландиясындағы» ұмытылмас сәттер.

30.01.2018

Қаңтардың 30 күні мектебімізде өтіліп жатқан «Қайырымдылық қамқорлық» акциясына орай «Бурабай Даму» кәсіпорынының бас директоры Әбдіхалыков Ғалымжан Кенжешұлының демеушілігімен «Қазақстан Лапландиясына» мектебімізден 21 оқушыға тегін жолдама берілді. «Қазақстан Лапландиясына» барған уақытта ұжым мүшелері бізді жылы шыраймен қарсы алды.   «Бурабай» ұлттық табиғи саябағы-тылсым сырға толы тау аңғарында орналасқан Еуразия кеңістігінің інжу-маржаны.Ғажайып шыршалы орман, тынық өзендермен ғажап қиюласып, мысыр пирамидаларын еске салатын таңғажайып пішіндегі жартастар көздің жауын алады.

Оқушыларды Санта Клаус өз үйінде қарсы алды. Олар өз тілектерін Сантаның қолына тапсырып кейбір оқушылар құлағына сыбырлады. Санта Клаустың оң қолы Эльфпен бірге әлемнің жеті кереметін көру бақытына ие болды. Ол оқушыларды таңғажайып эльфтер мектебіне шақырды. Оқушыларға ерекше дизайндағы мерекелік ашықхаттармен кітапшалар сыйға таратылды. Оқушылар ит жегіп сырғанау бақытына да қол жеткізді. Мұз айдынына барып естен кетпес әсерлер алды.  

  Ғалымжан Кенжешұлы демеушілік көмек көрсеткендеріңізге №9 мектеп-гимназия ұжымы сізге және сіздің ұжымға шығармашылық табыс тілей отыра алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст