«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды оқушы - ел мақтанышы

25.01.2018

Тәуелсіз еліміздің келешегі, ол - жас ұрпақ. Болашақта еліміздің гүлденуі, дамыған елдердің қатарына қосылуы жас ұрпақтың оқу-тәрбиесіне тікелей қатысты.Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Шынында да қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең білу ғана талап етілмейді, одан жоғары кәсіби

біліктілік, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, дарынды балаларды тәрбиелеу шеберлігі сияқты қасиеттер де талап етіледі. Өйткені қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары жеке тұлға болса, олар еліміздің мықты тірегі болатынына сенімім мол. Бүгінгі таңда ұстазға қоғамдағы ең үлкен міндет – ХХІ ғасырға сай тұлғаны қалыптастыру міндеті жүктеліп отыр. Бұл міндетке дарынды баланы таңдау және олардың бойындағы қабілетті бағалап, өмірде жетістіктерге жетуге көмектесу де қосылады.  Әрбір баланы жеке тұлға десек, оның қыры, ол – дарындылық.

Дарынды балаларға интеллектісі , белгілі бір бағытта жоғары нәтижеге жеткен  креативтілігі жоғары  балалар  жатады.  Осындай  дарынды  оқушылармен №9 мектеп-гимназиясының

мұғалімдері жүйелі жұмыс жасап келеді. Әр баланың бойындағы дарындылық қабілетін анықтап, сол бағытта үздіксіз жұмыстар атқарады. Нәтижесінде шәкірттер әр түрлі білім, зияткерлік сайыстардың жеңімпазы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру барысында нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан шығармашыл мұғалімдеріміздің бірі Төлтаева Лаззат Ибрагимовнаның еңбегін тілге тиек еткіміз келеді. Оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін   қалыптастыру мен бүкіл адамзат жасаған

құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеуде, оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыруда аянбай қызмет етіп келеді. Тарих пәніне деген қызығушылығы мен ізденісінің арқасында 2017 жылы 10-сынып оқушысы Несіпбай Асқар аудандық пән олимпиадасында  І орынға  ие  болып, облыстық кезеңге  жолдама  алды. 2018 жылы қаңтар айының 7-жұлдызында облыстық пән олимпиадасынан жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектеп мақтаныштарын жеңіске жетелеп, сол пәннің қыры мен сырын ұғындырып, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге ат салысып жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі Қалмағанбетова Гүлайым Тастанқызының да еңбегі де сан алуан.   2017 жылдың желтоқсан айында 10-сынып оқушысы Жакиева Айнұр қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық пән олимпиадасында І орынға ие болды. 2018 жылы қаңтар айында облыстық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Дандыбаева Жанна облыстық пән олимпиадасының ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серикбаева Қарлығаш Сағынтайқызы.

    Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуді мұғалімнің рөлі зор. Сондықтан

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет, дарынын ашуды өзіме парыз санаймын. Бала бойындағы ерекше қабілетті танып, соған байланысты жүйелі жұмыстар жүргізсе, оның болашағының іргетасы дұрыс қаланатыны белгілі. Ал, тәрбиелеген шәкірттері биік асулардан көрініп жатса, ұстаз еңбегінің де зая кетпегені. Әрбір дарынды оқушының есімі мектеп тарихында алтын әріппен жазылмақ. Сондықтан дарынды оқушыларды тәрбиелеуде ерінбей еңбек етіп, ел мақтаныштарын шығара берейік.

 

Просмотров: 980


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст