Кітап білім бұлағы. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттың, жаңа құндылықтарды үйренеді. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған.
Кітап оқу баланың ой – өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға
көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп , алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп,оны ата – анасы өздері ұсынуға болады. Баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн. Сондықтан оқуға деген қызығушылықты арттыру барысында № 9 мектеп – гимназиясында 2 «а» сыныбында «Ата-анам маған кітап оқып береді» атты айдарымен іс – шара ұйымдастырылды. Іс – шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында жоспарланды.
2 «а» сыныбының ата – анасы Шуакова Шолпан Жумабаевна Ертегі ханшайымы кейіпкерінде «Ертегілер» әнімен кіріп, «Түлкі, қараторғай және қарға» ертегісін оқып, балалардың
қызығушылықтарын арттырып көп сұрақтарға жауап алып, балалар түсінгендерін мазмұндап, жақсы әсермен сыныпқа оралды.
Достар, «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасы тек кітаптан ғана таба алатынымызды
ұмытпайық.