Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды
кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кеңінен таралып келеді.Соның бірі 17.01.18 күні «Жас Ұлан» және «Адал ұрпақ» ұйымдары бірлесіп сыныптар арасында «Біздің жеңісіміз Отан» атты 8-9 сыныптарының зияткерлік сайыс өтті.Сайыс мақсаты: Балалардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз,
мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, батыр тұлғаларын тануға шақыру;
Екі сынып бір-бірімен білім деңгейлерін жарыстырып бақ сынасты.Іс-шараның әділ бағасын берген әділқазылар мүшелері: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Е.Абдуллаұлы, АӘД пәнінің мұғалімі - Ж.Нұрболатұлы,Жас Ұлан ұйымының көшбасшысы- Мейрамбек Қалмарал.Сайыс соңында әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша 8-сынып жеңімпаз атанды.