«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды ұрпақ – ел болашағы

19.01.2018

Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?

                Туған елім жалыныңда жанамын,

                 Елім үшін еңбек етер баламын.

                 Өркендесе болашағы елімнің,

                 Мен қалайша қол қусырып қаламын.

       Бұл тақырыпта ой толғанбас бұрын «өз еліңді шын сүйесің бе? Отан деген ұғымды қастерлей білесің бе?» деген сұрақтарды өз-өзіме қойып, ұзақ ойландым. Отаным ол менің – Қазақстаным. Ал, осы Қазақстанға  жету үшін ата-бабамның қанша қаны төгілгені есіме келсе жүрегім қақ айрылғандай болады. Отан жолында еткен еңбегі, төккен көз жасы, ата- бабамның  арының тазалығы,кемеңгер  ақыл – ойының тереңдігінің дәлелі. Бабамыздың өз елінің өркендеуі үшін атқарған еңбегі таудай.  Желтоқсан құрбандары  ұлтазаттық көтеріліске қатысушылар, басшылар,міне осылардың барлығы қазақ елінің жанашыр ұлт-азаматтары көп болғандығының

сөзсіз дәлелі емес пе? Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен жеңістері, өзін емес, ұлтын ойлап, жауға қарсы шығып, көкрегін оққа тосқан батырларымыз бір төбе. Потриоттық өлеңдермен жүректі тебіренткен ақындарымыздың еңбегін атамасқа болмас. Қазіргі таңда патриот ұл-қыздарымыз көп, бірақ әрқайсысы алдына мақсат қоя білу керек. Оқушылардың таным түсінігі бойынша жақсы оқып, нағыз патриот атанамын деп ойлайды. Осы заманда барлық жағдай жасалған. Бірақ мұны түсіну көбінің санасына сыйар емес. Осы тақырыпты жақсы ашып оқыған адамға ой саларлықтай мағыналы етіп жазу міндетімнің бірі. Жақсы оқу ол-міндет. Ал өз елінің гүлденуі үшін мен не істеуім керек? Алдымен жақсы оқып қана қоймай

достарымның ынтасын оятып, білімге деген құштарлығын артуына көмек көрсетіп,жығылғанда қолтығынан демеп, қолдау көрсетуім керек. Осылай  істесек білім сапасын жоғарлатып қана қоймай, жас бүлдіршіндер екендігімізге қарамастан өз танымның патриотының көбеюіне қол ұшын созғанымыз болар еді.Басқаларға үлгі болар едік, ал осылай жарқырап, жайнай жүрсек ата-анамыздың ғана емес қазақ телінің мерейін үстем қылып, абыройын асқақтатар едік.

Басқаларға шуағыңды шашып, өз еліңнің өркендеуіне үлес қосу өзіңді ғана бақытқа бөлеп қоймайды, басқаларға шат күлкі мен махаббатқа бөлер едің. Елбасымыз айтқандай бір жағадан бас,бір жеңінен қол шығарып іске кіріскенде алынбайтын амал болмайды. Жұдырықтай

жұмылып, бәріміз де өзгелерге үлгі боларлықтай білімімізбен, тәрбиемізбен көзге түссек өз елімізді өркендеткендігіміз емес пе? Себебі жастар – халқымыздың болашағы ұлтымыздың келешегі.Әр жасты патриоттыққа тәрбиелеу-ардақты ұстаздарымыздың қолында. Ең ауыр жүк ұстаздарға түсуде. Ал осы ауыр жүкті көтеруге көмектессек, жауапкершілікті сезінсек, сөз жоқ біз дамыған елу елдің қатарынан ойып тұрып орын алар едік.

                                                                                                          

                                                                   4«Б» сынып оқушысы Өсербай Ұлжан

                                                                 Жетекшісі: Г. М.Уалиева

 

 

 

Туған жер

Туған жерді сүйемін,

Иіліп бас иемін.

Туған жерді қастерлеп,

Рахмет айтып жүремін.

 

       Туған жердің астығы,

       Туған жердің ауасы.

       Туған жердің байлығы,

       Бәріне бас иемін!

 

Аман болсын туған жер,

Байлық бақыт қонған жер.

Қамбаға жылда астықты,

Комбайынмен құйған жер.

 

ЕХРО-2017 қоштасу

Түрлі халық келіп жатыр Қазақстан еліме,

Экспоны мақтанышпен айта барсын еліне.

Нұрдан шуақ төгілсінші экспоның жеріне,

Кір түспесін әрқашанда қазағымның тегіне.

 

Экспода туған ұлдар айналсын ел бегіне,

Технология жаңаруда тамсантып.

Мұны әр бір адамзатым байқаған,

Экспоның сұлулығын көргенде,

Жыр арнамай қалай тыныш жай табам.

 

Барып қайттым экспоға қыдырып,

Бар жұмысты тастай салып сыдырып.

Адам саны көптігіне таң қалдым,

Дем жетпеді кей жерлерде сығылып.

 

Қазақстан экспомен мақтансын,

Оны өзі одан құрап тапқасын.

Қазақ деген жазу менен төбеге,

Іліп қою керек бәлкім тастасын.

 

Экспода түрлі құрылыс құбылған,

Көкейіме әсем жырым тығылған.

Жазып-жазып тастайын мен десем ақ,

Шабыт оты бар әлемге танылған.

                                                                                 №9 мектеп -гимназиясының

                                                                       4«Б» сынып оқушысы Ерлан Алқар.

                                                                       Жетекшісі: Г. М.Уалиева

 

                                               Тәуелсіз елдің баласы

 

      Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол  жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлде қайда қиын. Бұл- әлем кеңістіктерінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тірлілік кезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы,өзгенің қатерлігенен, өткеннің тағлымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана-«Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да  болған. Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

      Ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - дегендей, өмірі мен өнегесі халқының жадында мәңгілікке жазылып, одан ойып тұрып лайықты орнын алған. Әрі батыр, әрі ақын, әрі тарихи қайраткер. Махамбет

Өтемісұлының есімін әрқашанда ерекше құрметпен атаймыз.

              Мақтан етем Махамбеттей ақынды,

              Көкке өрлеткен қазақ деген атымды.

              Найзасы мен өткір тілін оқ еткен,

              Қайдан көрдің дәл осындай батырды.

   Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінген мен ары төгілмеген –

арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз»,- деген сөзі Махамбетке арналған болатын.

   Махамбет- өзінің барша болмыс қасиетімен көшпелілер көсемінің соңғы тұяғы. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Шалкиіз, Жиембет, Асанқайғы, Қастуған, Сыпыра жырау, Доспамбет сияқты біртуар тұлғалардың өлмес мұрасын көкірегіне тоқып өскен.

Әйгілі Сырым батырдың әділет сүйгіш, азатшыл рухы Махамбеттің бесік жыры болып,өмірінің мағынасына айналған. Махамбет өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, көзі ашық, көкірегі ояу жан болған. Махамбеттің арғы атасы Құлмәліден Шыбынтай мен Өтеміс туады. Өтеміс Жайықтың бергі бетінде Айшуақ хандық құрған тұста беделді бидің бірі болған.

            Өтемістен туған он едік,

            Онымыз атқа мінгенде,

            Жер қайысқан құл едік,- деуі де осыдан екен. Қазақ халқы- ежелден бері намысын ту қылып биік ұстаған өжет, ер халық. Халық арасынан шыққан Ер Махамбет елі үшін қанын төкті, жанын қиған бір туар батыр.

 

 

 

                                                                                            

Мұғалима

Салем бердім иіліп апай сізге,

Өмір жолын нұсқаған мына бізге.

Қолымнан келсе егер жазар едім,

Гүлнар апай әлемі деген тізбе.

 

Гүнар апай даралардың дарасы,

Жан салмайтын парасатты данасы.

О, құдайым аман болсын әрқашан,

Қызы менен құдай берген баласы.

 

Ұстаз өзің жөн көрсеткен ұлысың,

Сізді жаман деген адам құрысын.

Ең алғашқы қолға қалам ұстатып,

Өзіңіз ғой бақ боп келген ырысым.

 

Гүлнар апай ризамыз біз әрқашан,

Сізге арнап әлі талай жыр жазам.

Қиындығы келген кезде өмірдің,

Болмаса да шабақ балық берерміз,

Ұстап егер бере алмасақ бір сазан.

 

Ұстаз аты жалғасқан ата салтымнан,

Қазақ деген айналайын халқымнан.

Ұстаз сізге сөз беремін өскенде,

Құлағыңа сырға тағам алтыннан.

 

Сезімімді өлең сөзбен жалғадым,

Сосын тағы жазамын ғой қалғанын.

Әлі сізге мың өлең мен мың сыйлық,

Ал бүгінше бір-ақ өлең арнадым.

 

Сізге арнап әлі мың жыр жазамын,

Жаны асыл дейді аппақ тазаның.

Сіз бастаған сонау өмір жолынан,

Әлі талай жеміс ағаш қазамын.           

                                                                

№9 мектеп -гимназиясының

                                               4«Б» сынып оқушысы Махаман Беқарыс

                                                  Жетекшісі: Г. М.Уалиева

 

                                                                                              

 

 

 

 

 

 

Ана – өмірдің гүлі

 

Анам менің алтыным,

Ақ сүт беріп өсірген.

Басқанымды қуантып,

Тұсауымды кестірген.

 

Өскенде де, анамның,

Аппақ сүтін ақтаймын.

Қартайғанда анашым,

Ақ сүтіңді ақтаймын.

 

Анамды мен сыйлаймын,

Бір сәт оны қимаймын.

Қатты қинап жіберсем,

Одан кешірім сұраймын.

 

Құшағыңа алғанда,

  Мәпелетіп өсірген.

Ақ жүзіңе қарағанда,

  Сол жүзіңнен нәр алам.

 

  Анам өзі ақылды,

  Сол ақылын береді.

  Сол ақылын тыңдап мен,

  Ақылды боп өсемін.     

 

                                                        

№9 мектеп -гимназиясының

                                          4«Б» сынып оқушысы Жақсыбаева Меруерт

                                                       Жетекшісі: Г. М.Уалиева

 

                     

    

 

 

                                              

 

                     

    

 

Просмотров: 941


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст