«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?

19.01.2018

Туған елім жалыныңда жанамын,

                 Елім үшін еңбек етер баламын.

                 Өркендесе болашағы елімнің,

                 Мен қалайша қол қусырып қаламын.

       Бұл тақырыпта ой толғанбас бұрын «өз еліңді шын сүйесің бе? Отан деген ұғымды қастерлей білесің бе?» деген сұрақтарды өз-өзіме қойып, ұзақ ойландым. Отаным ол менің – Қазақстаным. Ал, осы Қазақстанға  жету үшін ата-бабамның қанша қаны төгілгені есіме келсе жүрегім қақ айрылғандай болады. Отан жолында еткен еңбегі, төккен көз жасы, ата- бабамның  арының тазалығы, кемеңгер  ақыл – ойының тереңдігінің дәлелі. Бабамыздың өз елінің өркендеуі үшін атқарған еңбегі таудай.  Желтоқсан құрбандары  ұлтазаттық көтеріліске қатысушылар, басшылар, міне осылардың барлығы қазақ елінің жанашыр ұлт-азаматтары көп болғандығының сөзсіз дәлелі емес пе? Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткен

жеңістері, өзін емес, ұлтын ойлап, жауға қарсы шығып, көкрегін оққа тосқан батырларымыз бір төбе. Потриоттық өлеңдермен жүректі тебіренткен ақындарымыздың еңбегін атамасқа болмас. Қазіргі таңда патриот ұл-қыздарымыз көп, бірақ әрқайсысы алдына мақсат қоя білу керек. Оқушылардың таным түсінігі бойынша жақсы оқып, нағыз патриот атанамын деп ойлайды. Осы заманда барлық жағдай жасалған. Бірақ мұны түсіну көбінің санасына сыйар емес. Осы тақырыпты жақсы ашып оқыған адамға ой саларлықтай мағыналы етіп жазу міндетімнің бірі. Жақсы оқу ол-міндет. Ал өз елінің гүлденуі үшін мен не істеуім керек? Алдымен жақсы оқып қана қоймай достарымның ынтасын оятып, білімге деген құштарлығын артуына көмек көрсетіп,жығылғанда қолтығынан демеп, қолдау көрсетуім керек. Осылай  істесек білім сапасын жоғарлатып қана қоймай, жас бүлдіршіндер екендігімізге қарамастан өз танымның патриотының көбеюіне қол ұшын созғанымыз болар еді.Басқаларға үлгі болар едік, ал осылай жарқырап, жайнай жүрсек ата-анамыздың ғана емес қазақ телінің мерейін үстем қылып, абыройын асқақтатар едік.Басқаларға шуағыңды шашып, өз еліңнің өркендеуіне үлес қосу өзіңді ғана бақытқа бөлеп қоймайды, басқаларға шат күлкі мен махаббатқа бөлер едің. Елбасымыз айтқандай бір жағадан бас,бір жеңінен қол шығарып іске кіріскенде алынбайтын амал болмайды. Жұдырықтай жұмылып, бәріміз де өзгелерге үлгі боларлықтай білімімізбен, тәрбиемізбен көзге түссек өз елімізді өркендеткендігіміз емес пе? Себебі жастар – халқымыздың болашағы ұлтымыздың келешегі.Әр жасты патриоттыққа тәрбиелеу-ардақты

ұстаздарымыздың қолында. Ең ауыр жүк ұстаздарға түсуде. Ал осы ауыр жүкті көтеруге көмектессек, жауапкершілікті сезінсек, сөз жоқ біз дамыған елу елдің қатарынан ойып тұрып орын алар едік.

Просмотров: 793


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст