Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жолдауда қозғалған бағыттарды
кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар,мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»- дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс.
Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жолдауының ІІ-ші тарауы аясында №9 мектеп-гимназиясының 4 сыныптар арасында «Кітап-біздің досымыз» атты пікір-талас дөңгелек үстелі өтті.Әр қатысушы өзі оқып жатқан кітаптың негізгі идеясы мен таныстыра отырып, оны
презентация арқылы қарсы топқа таныстырып өтті. Негізгі іс-шарада әр қатысушылар кітаптің шығу тарихы, аннотация, алғы сөз, иллюстрация, қорытынды сөз, мазмұны жайында талқыға салып ой бөлісті. Бұл ойлары өзге оқушыларға сабақ болды. Іс-шара соңында оқушылар шығармашылығынан өлеңдер оқылды. Әр сынып өз оқыған оқулықтарын мектепте ұйымдастырылып отырған «Досыңа кітап сыйла акциясы» бойынша мектебіміздің кітапханасына сыйға ұсынуға берілді.