«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітап - рухани қазына

16.01.2018

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» -деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай  кітаптың

маңыздылығын жас ұрпаққа паш ету де кітапхананың алар оны ерекше. Жалпы еліміздегі кітапханалар жүйесі заман көшіне ілесіп, оқырманның талабын қанағаттандырарлықтай жүйеде жұмыс жасауда. Сонымен қатар оқырмандар арасында кітап оқуға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда 16 қаңтар күні №9 мектеп гимназиясында Рухани Жаңғыру Бағдарламасы аясында «Кітап – ұлттық қазына» оқырмандар конференциясы өтті. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Бүгінгі біздің конференцияға  Бурабай аудандық

кітапхана  қызметкерлері Қабдекина Гаухар Мұқаметбекқызы, Әбдіғожина Айсұлу Қабденқызы, Жүнісова Марал Нұриденқызы қонақта болды. Қонақтар аудандық кітапханалардың жұмыс жүйелерімен таныстырды.

Кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстырды. Кітап оқу ісінде жастардың селқостық танытып, оқуға көңіл бөлмей кеткендігін тілге тиек етіп,барлық жастарды кітап оқуға шақырды. Өз тарапынан оқушылар да  өз ой пікірлерімен бөлісті. Кітапхана қабырғасында болған түрлі оқиғаларды кірістіре отырып,кітапсыз бірде бір тұлға оттай лаулап жанбайтындығына көз жеткізді.8 «Ә»сынып жетекшісі Қуандық Жанар Тұяққызы да ат салысып, өзінің анасының кітапханашы болғандығын мақтанышпен айтып,сол кездегі оқырмандардың көптігін айтты. Қонақтарымызға мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары  Бекетай Баян Ахатайқызы алғыс білдірді. Мектепте қолға алынған «Кітап-білім бұлағы» жобасы жұмысын туралы айтылды. Конференция соңында қонақтарымыз мектеп кітапханасына жаңа кітаптар сыйға тартып, мектеп қоржынын  толықтырды.

Просмотров: 604


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст