«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кейіпкерлер әлемі

16.01.2018

«Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» демекші, кітап оқу қашаннан маңызды іс саналған. Бүгінгі ұрпақтың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұстаздың ықпалында. Осы орайда № 9 мектеп – гимназиясында «Кітап – білім  бұлағы» жобасы аясында, 9 сыныптар арасында «Кейіпкерлер әлемі» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Ойын мақсаты оқушыларды көркем әдебиеттегі кейіпкерлер бейнесін анықтап, тануға баулу. Ойын барысында 9 сынып оқушылары үш топқа бөлініп, ойын шарттарына сәйкес үш бөлімнен тұратын тапсырмаларды орындады. Бірінші бөлімде әдеби шығармалардан үзінді берілді. Осы үзінді қай шығармаға тиесілі екендігін, оқушылар топта анықтады. Екінші бөлімінде әлем әдебиетінің озық

шығармаларынан үзінділер берілді. Оқушылар шығармалардың атауы мен авторларын тапты.  Үшінші бөлімінде оқушылар бейне баяннан көрсетілген шығарма үзіндісінің атын және авторын тапты. Ойын қорытындысы бойынша әділ – қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Жалпы осы іс – шара арқылы оқушылар өздеріне көп мәлімет алды. Сонымен қатар оқушылар өздерінің білімдерін ортаға салып, кітап әлемінің қыр – сырларына қанықты. Іс – шара жоғары деңгейінде ұйымдастырылып, көпшілік көңілінен шықты.

                                                            

Просмотров: 655


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст