«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.01.2018

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға,

мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.  «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді «Өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналады. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Сондықтан да бүгінгі таңда әр бір адам кітап оқуды әдетке айналдыру керек. Кітап оқуға  деген қызығушылықты арттыру барсында №9 мектеп-гимназиясында даярлық топтарда «Ата-анам маған кітап оқып береді» атты айдармен іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру барысында жоспарланды. Даярлық топ ата –анасы Жылқайдарова Гүлмира даярлық «А» сыныбы  балаларына Ыбырай Алтынсаринның «Жаман жолдас» атты әңгімесін оқып берді. Әңгімені оқушы қаншалықты түсінгенін сұрақтар қою арқылы  біліп отырды. Әңгіменің кейіпкерлерін слайдпен көрсетіп, оқушылардың ой-пікірін тыңдады. Оқушылар әңгіме желісімен рөлдік ойындар ойнады. Іс-шара жалпы алғанда оқушыларға жақсы әсер қалдырды. Бұл іс-шара жалғасын табады. Бізді қолдаған ата-аналарға алғысымыз шексіз. Балаларымызды ата-аналар мен ұстаздар бірлесе отырып, тәрбиелегенде ғана ұрпағымыз биік белестерге жетеді. Ұрпақ білімді болса, болашақта жарқын болмақ!

 

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст