«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ «FORTUNE COUNTRY»

11.01.2018

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде Халықаралық қатынастар мен

бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр. Шынында да ХХІ ғасырда біз алатын жаңа белестер ашылды, өз болмысымызды сақтай отырып, тіліміз бен мәдениетімізді дамыта отырып, қарқынды даму үстіндегі әлемнің техникалық және гуманитарлық үрдіс жоспарының тетігіне айналу мақсатымыз. Бұл мүмкіндікке біз ағылшын тілі арқылы жете аламыз. Еліміздің рухани күш – қуатын одан әрі жетілдіру, жастарға білім беру реформасын жүзеге асыру жаңа тұрпатты білім ордасында бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту арқылы жүзеге аспақ.

Жаңа ғасырда прогрессивті өмірге аяқ басқан жастар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі жастардың білімдері терең де, жан – жақты да болуы тиіс. Жастарды бүгінгі заман талабына сай маман ретінде дайындауда олардың шет тілдерін еркін меңгерулері өте пайдалы. Ағылшын  тілін оқытудың

негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативтік мәдениеттілігін және ағылшын тілін практика жүзінде меңгеру шеберлігін дамыту.

            Ағылшын тілін мектепте оқытудың негізгі мақсаты, оқушылырдың шетел тілін ауызша және жазбаша  қатынас құралы есебінде пайдалана алу қабілеттерін дамыту, яғни өздерінің  төл мәдениетін  тілін оқып үйреніп  отырған елдің мәдениетімен салыстыра алу, әр түрлі әлеуметтік  орталарда қабылданған  және қолданылып келе жатқан мәдениеттердің, нормалардың, міндеттермен құқықтардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін ажырата білуде жатыр. Шетел тілі оқушылардың интеллектісін дамыту, ұлттық мәдениеті мен олардың жалпы білім беру деңгейін дамыту үшін маңызды құралы ретінде, адамдардың өзара түсінік қалыптастыруға, қарым-қатынас ретінде іске айналды. Ағылшын тілін меңгеру үшін сөздер мен грамматиканы ғана үйрену жеткіліксіз, сондықтан осы елдің мәдениетімен, әдебиетімен және тарихымен танысу арқылы тереңірек меңгеруге болады. Осы бағытта құрастырылған «Fortune country» бағдарламасы өте тиімді деп айтуға болады.

Мақсаты: Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің  мәдениетін, дәстүрін, тұрмыс жағдайын оқушы бойына сіңіріп, оны ағылшын тілінде жеткізе алуға үйрету. Міндеттері: оқушының танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру. Алған білімдерін өмірде болып жатқан өзгерістермен байланыстыра отырып, өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету; оқушылардың білімдерін және шығармашылық қызығушылығын, ойын жеткізуін, тілдік компетенциясын  дамыту, іздеңімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; өз елін сүйе отырып, өзге елді құрметтеуге тәрбиелеу; білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті,  ұлтымыздың баға

жетпес азаматтарын тәрбиелеу. 

Өзектілігі: еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім

беру саласындағы жаңа  бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін  жүзеге асыруды талап

етуде.  Осыған орай, ағылшын тілін -тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғы шарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған

ағылшын тілінің ролі зор. Ағылшын тілін үйрену арқылы оқушылар білім дегейін көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, өз пікірі қалыптасады, түрлі елдер мәдениетін үйренеді.

Бағдарлама «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына уақытша келген оқушыларға жоспарланған. Орталыққа келген әр бала мемлекеттік стандартқа сай білім алумен қатар, әр пән арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіре алады және оны ағылшын тілінде айтуға үйренеді. Бағдарламаның жалпы сағат саны 11 сағат. Әр сабақ 40 минуттан тұрады.  

     Оқушылардың  ағылшын  тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын  дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің маңызы өте зор.Берілген оқулықта дәстүрлі емес сабақтардың  төмендегі түрлері  және әдіс-тәсілдер қолдандылады:жарыс- сабақтары, викторина,  іскери ойындар, сұхбаттасу,рөлдік ойындар, салыстыру, тест. Бағдарламадағы көрсетілген сабақтың түрлері: дәстүрлі емес сабақтары, ойын сабағы, саяхат сабағы, дөңгелек үстел сабағы. Теория практикамен ұштасады, және жүйелі болу үшін жұптық, топтық, жалпы, жеке жұмыстар

жүргізіледі. Сабақтарда оқушыларды топқа бөліп, жұмыстану жүзеге асырылады. Бұндай жұмыстану оқушылардың белсенділігін, берілген тақырыпты жоғарғы деңгейде түсінулеріне ықпал етеді.Топта жұмыс жасау оқушылардың бірлесе, ынтымақтаса жұмыстануына, коммуникативтіліктерін құрылымдауына негізделген. Коммуникативтік; сын тұрғысынан ойлау;ойын технологиясы. Бұл бағдарламаның ерекшелігі мемлекеттік стандартқа сай білім беру мен қатар, қазіргі таңда өзекті болып отырған этномәдени білім беру қағидасы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін жетік меңгереді, онымен қоса ағылшын тілі арқылы өз халқының салт-дәстүрін, мәдениетін жеткізе алады. Өз мәдениетін біліп қана қоймай басқа елдердің мәдениетімен салыстыра отырып, айырмашылықтарын, ұқсастықтарын таба алады.

Күтілетін нәтиже: бағдарлама жүзеге асқан жағдайда ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгере отырып, оқуда алған білімдерін  қоршаған мәдени ортада қолдана алатын, әлеуметтік - мәдени біліктіліктері  дамыған, жан-жақты, өзге ұлттың тілін, мәдениетін, ұлтжанды болатын тұлғаны тәрбиелеуге ықпал етеді. Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттері ашылады және интеллектуалдық дағдылары қалыптасады. Алған білімдерін өмірде болып жатқан өзгерістермен байланыстырып қана қоймай, өз пікірлерін айта білетін болады. Шығармашылық, қызығушылық, ізденімпаздық қасиеттері дамиды. Мәдениетті тұлға болып қалыптасады және де ел танып білуге деген құштарлығы ынта-ықыласы артады. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасайды, толыққанды ағылшын тілінде білім алады. Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Оқушылардың тілді біліп қана қоймай, оның ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді.Ұстаз шеберлігінің өзегі- тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейі мен сөйлеу мәдениетімізбен сабақтас екендігін байқар едік.

Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық  технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сабақтың қызықты әрі нәтижелі болуы алдын ала таңдап алынған әдіс-тәсілдерге байланысты.

 

 

 

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст