«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ортақ мақсат ұлттық мүдде үшін (2018 жылдың 10 қаңтар күні жолданған Елбасы Жолдауынан кейінгі ой)

10.01.2018

Жылдағы дәстүр бойынша еліміздің жарқын болашағын нығайту мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев биыл да Қазақстан халқына өз жолдауын жеткізді.Биылғы жылғы жолдаудың ерекшелігі жаңа цифрлы дәуір жағдайында өнеркәсіптік жаңару мақсатына қол жеткізуіміз керек екендігін баса айтты. Өнеркәсіптік жаңару жолының 10 бағытын атап өтті. Бұл бағыттарда тұрғын үй мәселелерінің оңтайлы шешім табуы, банк жүйесінің қор нарығына өтуі, өнеркәсіп деңгейінің зияткерлік басқару арқылы жоғарылауы, әлеуметтік өтемақыларының жыл сайынғы өсуі, мұғалімдер жалақысының біліктілігіне сәйкес жоғарылауы, денсаулық сақтау

саласындағы елеулі өзгерістердің орын алуы, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының

күшейтілуі жайында айтылды.

Бір қуантарлық жайт, осы жолдау арқылы Елбасы мұғалім мәртебесін көтеру ісіне баса назар аударды. Елдің тірегі болар, Мәңгілік елдің білімді азаматтарын тәрбиелеу ұстаздың қолында екенін Елбасы ешқашан назардан тыс қалдырмаған. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің жоғарылауына оның материалдық жағдайы да әсер ететінін ескере отырып, жалақысын да 30-50% - ға жоғарылататыны әр мұғалімнің еңбекке деген құлшынысын арттырары сөзсіз.

Болашаққа нақты мақсат қойып, оған нық қадам жасағанда ғана ел болашағы жарқын, ел мерейі үстем болмақ. Елбасының биылғы жолдауы әр қазақстандықтың ертеңге деген сенімін оятып, ұлттық мүдде үшін күш-жігері мен зияткерлік ойеңбегін аямайды.

Просмотров: 495


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст