Қазақстандағы оқу жүйесіндегі басты жаңалық – мұғалімдердің жаңаша форматта білімін
жетілдіруі болып отыр. Бұл -өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат –оқу мен оқыту процесінде түрлі кедергілерді жеңе отырып,осы алған білімімді саралап, зерделеп, одан әрі толықтырып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.
Ал осы әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді пайдалану үшін сабақ мақсаты нақты әрі қолжетімді болуы керек. Өйткені сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс-тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда мен курс барысында игерген әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып,шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы аясында қолданылатын тағы да бірқатар тәсілдер:
• Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;
• Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;
• Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;
• Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы);
• Ашық сұрақтарды пайдалану;
• Дәлел ұсынуға ынталандыру;
• Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;
• Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.
Сондай –ақ іс- тәжірибемде сабақ барысында кеңінен қолданатын тиімдіәдіс- тәсілдердің бірі, ол «Сыртқы және ішкі шеңбер әдісі» уақыт үнемдеуге өте тиімді. Үй тапсырмасын тексеруде 4-5 минут уақыт жұмсауға болады.
«Ысқыру диктанты» тәсілін өз тәжірибиемде көп қолданамын. Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін артырады. «Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл . Мәтін бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Сана саяжолы», «Алтын балық», «Әдебиеттік үйірме», т.б.
Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім.
1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Оқушы белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады.
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.
Мен осы бағытта жұмыс жасап келемін. Жаңартылған бағдарлама бойынша бірінші
жыл жұмыс жасап отырған соң, алда үйренетініміз көп деп ойлаймын. Ж. Аймауытовтың
« Баланаң ынтасын арттыру үшін оқытатыннәрседе бір жаңашылдық болу керек», – деген сөзінде үлкен мән жатыр. Неге десеңіз, әр оқушы сабаққа келгенде жаңа білім алып шығуымен қатар, өзінің де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деп Уильм Уорд айтқандай, әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетінде дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегінде жүрсе,білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.