«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ-БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ КЕЛЕШЕГІ

09.01.2018

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім.  Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы.Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,ерекше құнды кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. [1,http://www.google.kz]  Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. Қазақстандағы  білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру    бағдарламасы -  заман ағымына  сай  өсіп келе жатқан  жас ұрпақтың талабы мен қызығушылығын арттырып  белсенділіктерін оятып,бәсекеге қабілетті дамытатын бағдарлама.[1] Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Жаңартылған

білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Сонымен қатар, оқушыларды жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқытып, саналы,ой –өрісі кең, еркін азамат етіп тәрбиелеу  және белсенді де білікті  азаматтарды дамыту  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Жалпы айтқанда  жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.[2]  2017-2018 оқу жылында  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  мен 1-сынып оқушыларын қабылдадым. Сыныбында 22 оқушы. Биыл жаңартылған білім бағдарламасы бойынша  алғашқы сыныбым. 2016-2017 оқу жылының наурыз

айында Щучинск қаласында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша даярлау курсынан өттім. Өзімді қызықтырған, толғандырған сұрақтарға жауап алып, курс барысында теориялық алған білімімді практика жүзінде   қолданудамын. Жаңартылған білім мазмұны бойынша ата-аналарда көптеген сұрақтар туындады. «Үй жұмысы неге берілмейді?»,«Бағалау жүйесі калай жүзеге асырылады?» т.б . Бұл сұрақтарды  шешуге мен және оқу ісінің меңгерушісі

Қалмағанбетова Г.Т  жаңартылған бағдарламаның мазмұнын, мақсат- міндеттерін толық қанды жеткіздік.

      1-сыныптарға арналған  оқулықтар, әдістемеліктер, қосымша дерек көздер барлығы  өте

тартымды әрі түсінікті түрде жасалған. Оқу бағдарламасы, жоспарларының маңыздылығы – сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топтық жұмыс жасай білу,  функционалды сауаттылықты арттыруға өте мол  пайдасы бар. Жаңартылған  білім беру

бағдарламасының  тағы бір ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі, оқу

үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру жүйесі өте қолайлы. Оқушының білім деңгейің бақылау тапсырмалары да  жақсы ойластырылған.  Әр баланың жан-жақты ізденуіне  ынталандырады.  Сонымен қатар, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан

бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау   оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ

тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі жайлы  ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы жүргізіледі.[3]  Пәндердің ерекшеліктері сауат ашу  оқу бағдарламаларының мақсаты – қазақ тілін үйренуге негіз қалау. Бұл әртүрлі қарым-қатынас салалары мен жағдайлары, дұрыс дыбыстау, орфографиялық және орфоэпиялық нормалар, сондай-ақ жанрлар мен стильдерді білуге қатысты құрылым мен функцияларды қамтиды. Бағдарламада әртүрлі қарым-қатынас салаларында және жағдайларда өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін айтылым және танымдық жаттығуларға, қарым-қатынас жасай білу қабілеті мен дағдыларына ерекше назар аударылады.Критериалды бағалау –бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына  негізделген  оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі  болса, ал бағалаудың басты ерекшелігі алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі

уақытта бірінші жартыжылдықта қалыптастырушы бағалау жүргізілуде. Өз сабақтарымды кері байланыс, рубрика, ұсыныстар қолдану арқылы өз оқушыларыммен және ата-аналарыммен тығыз байланыстамын. Бұл байланыс оқушылардың тиімді және сапалы білім алуына ықпал етеді. Білім алу процессіндегі  ата-аналардың ролін және жауапкершілігін арттыра түседі. 

     Жаратылыстану пәні  білім беру бағдарламасында ғылыми зерттеу жүргізудағдылары мен біз өмір сүретін әлем туралы білімге ерекше назар аударылады.  Сонымен қатар «Көркем еңбек» пәні  жүргізілуде. Бұл пән бейнелеу  өнері мен еңбекке баулу пәні біріктірілген. Пәннің маңыздылығы шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді көздейді. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем эстетикалық  талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге бағыттайды.

     Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты

ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

 

 

Просмотров: 599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст