15.12.2017 күні №9 мектеп-гимназиясында жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих мұғалімдеріне арналған аудандық оқыту семинары болып өтті.Семинарға аудан көлемінде тарих мұғалімдері атысты. Семинардың негізгі идеясы Бурабай ауданының білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында орта буынның сабақ үрдісінде педагогқа үнемі әдістемелік көмекті көрсету, оқу бағдарламасын жүзеге асыруда туындаған сұрақтар бойынша жедел кеңес алу, инновациялық тәжірибені қолдану болып табылады. Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына сәйкес 5,7сыныптардағы тарих пәні мұғалімдерінің практикалық жұмысқа дайындығы. Семинар аудандық тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі Төлтаева Ләззат Ибрагимқызының оқушылары дайындаған «Тәуелсіздікке бастау болған-Алаш» атты прологымен басталды. Бағдарлама аясында №9 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Садуова М.Ш. 7 «Ә» сыныбында «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында ашық сабақ, тарих және география пәнінің мұғалімі Олжанова Әсем Казезтаевна 5 «Ә» сыныбында «Сақтар» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.Семинардың екінші бөлімінде Сәрсекеева Д. №7 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі «Жаңартылған білім беру аясында тарих пәнін оқыту ерекшеліктері»тақырыбында өз
іс-тәжірибесімен бөлісті. Карбаева Ақсәулеш Кіндікқарағай негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі «Тарих сабағында оқушылардың бойында когнитивтік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында шығармашылық есебімен таныстырды. Семинар барысында мұғалімдер сабақ үрдісінде туындаған барлық сұрақтарын талқылап, жауаптарын ала білді. Семинар өз мақсатына жетті.