Әйгілі кеңес педагогы – новатор, жазушы Василий Александрович Сухомлинскийдің айтқан мына бір сөзі әр бір ата-ана көкейіне ой ұялататыны сөзсіз деп ойлаймын. Әрине мұғалім ата-анамен бірігіп күш-жігерін біріктірмесе балаларымызға үлкен адами бағыт беру мүмкін еместігі анық. Дүниеге келген сәби болашақ оқушы, студент,мамандық иесі болатынына көзіміз жетеме ? Әрине жеткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Әр ата-ана өз сәбиін қамқорлыққа ала отырып тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының
зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы –туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
Тәрбие мектеп қабырғасына келгенде ата-ана үшін жеңілдейтін сияқты, бірақ баланың есейіп, өсіп келе жатқанын байқамай қалады-ау деймін. Өйткені мектеп қабырғасында бала білім мен тәрбиені қатар алып жүрері анық. Иә «Білім мен тәрбие егіз» сөзсіз. Ендеше мектеп пен ата-ана байланысы ата-аналар жиналысы арқылы жүзеге асырылады – деп жатамыз. Бірақ ата-аналарымыз сол жиналыстарға келе алмай жататындығы анық. Білім және ғылым министрінің
көтерген осы мәселесіне көңіл салсақ болады. Онда: «Биылғы жылдан бастап Бiлiм және ғылым министрлiгi «Ата-ана сағаты» ұлттық күнiн өткiзудi қолға алмақшы. Осыған орай министрлiк барлық жұмыс берушiлердi қызметкерлерiн ата-аналар жиналысына қатысу үшiн ертерек босатуды сұрайтын болады – деп хабарлаган «Егемен Қазақстан» газетінде.
«Ата-ананың бала тәрбиесiндегi рөлi төмендеп кеттi деген пiкiрмен келiсемiз. Ата-аналар
жиналыстарға бармайды. Ата-аналардың 40 пайызына дейiн 11 жылда мүлде мектепке
бармайды. Бiз барлық мемлекеттiк органдар, компаниялар, жеке секторды
ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы бiр-екi
күнде ата-аналар жиналысына қатысуына мүмкiндiк беру керек», — дедi министр
Ерлан Сағадиев бүгiн жастар мәселесi қаралған Үкiмет отырысында. Бұған дейiн министр
Сағадиев қызметкерлердi жұмыстан уақытында босату мәселесiн көтерген болатын.Өйткенi, оның айтуынша, қазiргi уақытта жұмыс басты ата-аналар бала тәрбиесiне дұрыс көңiл бөлмейдi. «Жұмыс берушi қызметкерлердi уақытында, сағат алтыдан кейiн ата-аналарды үйге жiберсе, дұрыс болады деп есептеймiз. Мұндай тәжiрибе қажет. Ата-аналардың жұмыста кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары», — дедi министр.
Міне, осы айтылған мәселелер ата-ана үшін үкімет тарапынан ба, әлде ата-ананың жеке басынан шешілу керек пе деген ой тағыда туындайды. Неге баланың тәрбиесі жұмысымыздан маңыздырақ болып кеттіме. Әсіресе «Жаңартылған білім беру мазмұнымен» оқылып жатқан балалар үшін. Өйткені баланың орындаған тапсырмасымен ата – ана таныса отырып, мұғалімнің жазған рубрикаттарымен танысып, жіберген қателіктерін ескеріп жұмыс жүргізіп отыру керек. Сынып жетекшімен үнемі байланыста болу керек екені сөзсіз. Сонда ғана білімге, тәрбиеге қатысты мәселелер туындамасы анық. Оқытушыға деген реніжіш болмауы анық. Бала – тәрбиесіндегі ата-ана рөлі арта түссе, көптеген баланың жеке басындағы түсінбеушіліктерден, қамқорсыздықтан, сабаққа деген ынтанын жетіспеуінен арылар ма едік. Ендеше ата-ана мектеппен байланысымызды үзбей жандандырайық. Сонда ғана еліміздің іргесін берік ұстайтын азаматтарымызды көре аламыз.