«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпыадамзаттық құндылықтар - қоғамдық сананы жаңғырту жолы»

28.12.2017

                                             Әрқашанда таза болсын ар - ұжданың жүрегің,

                                               Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.

                                               Зорлық қылсаң өзгелерге - өзің жәбір көресің,

                                               Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің.

                                                                      

       Мұхаммед Бабыр

       Білім саласында жұмыс жасайтын біздер үшін рухани жаңғыру деген сөз соншалықты жағымды естіледі. Өйткені, білім алу үшін адамның бойы мен салмағы, түр-келбеті маңызды емес, керісінше, рухани дүниесі мен санасы маңызды. Ең алдымен санамызды дұрыстамайынша ештеңені де өзгерте алмаймыз. Экономикамыздың да қуатты болуы, қорғанысымыздың да мығым болуы,бастысы, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуы үшін санасы биік, өрісі кең, өскелең ұрпақ керек.

  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізге қай кезде не керек екенін дөп басып, дұрыс талдау жасай білетін, жасампаз көшбасшы екенін тағы да дәлелдеді. Расында, тәуелсіздік

алысымен еліміз алдымен экономиканы көтеруге ден қойды. Мемлекеттің барлық тарапы ел экономикасын аяқтан тұрғызу үшін жұмылдырды. Егемендік алған 25 жыл ішінде бұл ұлы мақсат орындалды. Елдің еңсесі көтеріліп, қаржылық қиындықтарды жеңдік. Қазақстанның ел ішіндегі және халықаралық өзіндік экономикалық жолы қалыптасты.

   Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды

меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

    Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі негізделген. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен

нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек.. 

          «Өзін-өзі тану» пәні басқа пәндерден алған білім мазмұнын толықтырып, адам баласын адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке баулитын пән. Бұл пәннің әрбір сабағы балаларды достыққа,сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады. Себебі: күнделікті сабақта 

«Нұрға бөлену» сәтінен бір-біріне деген сезімдерін білдіріп, қуанышпен басталса, дәйексөздің  мәнін  түсіндіре отырып, сабақтың  тақырыбын ашу, әңгімелесе  отырып мәтінді түсіндіру, осы  кезде мұғалім сыйын ұйымдастыруға болады. Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды

кезеңінің бірі  «Мұғалім сыйы» - бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын саналы түрде меңгереді.

«Мұғалім сыйы» сол күнгі тақырыпқа байланысты тақпақ, өлең немесе  аңыз әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге болады. Осындай,  әдіс-тәсіл арасында оқушыларға қаншама жақсы игі тілектер мен өмірдің әсем де керемет және ол қайталанбайтындығын мұғалім мейірімділікпен жеткізеді.Ертегіге тоқталатын болсақ , ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып  табылады, ал сонымен

бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік

интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады.                      

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар

нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді. Бұрынғылардың сана – саңлау, салты жағынан дерек беру үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.

4-сынып оқушысы Рахимов Шернияздың «Әжемнің маржан сөздері» атты ғылыми-зерттеу жұмысынан алып, сабағыма қолдандым.Әженің өлеңдерінің өзегі ар мен жанның тазалығы, адамгершілік қасиеттер.Жауабы қиын сан сұрақтар ақын ананың жанын мазалайды, ол соларға тынымсыз жауап іздеп , болашаққа үлкен сеніммен қарайды.

Мысалы: Адамға бала қызық бұл жалғанда,

                Баласыз қызықтардың бәрі арманда

                Өзіңнен туған балаң бірдей өсіп,

                Қалмасын қатар жүріп үй салғанда.

                Немесе

                Қол жетті аспандағы Ай мен Күнге

                Өшпейтұғын шырақ жанды қара түнге

                Ендігі біздің тілек айтарымыз

Жас ұрпақ жасай берсін күннен күнге –деп жастарға өзінің жүрек жарды тілегін, ақ батасын тілейді.  Мына өлеңінде отанға деген сүйіспеншілігі көрініп , тәрбиелік маңызы зор екені айқын.

             Отан

Ел болдық, егеменді Қазақстан,

Арайлап нұрын шашты күн шығыстан.

Келешек жас ұрпақтың өмірі үшін,

Тілейді ата-ана төрт бұрыштан.

 

Отаным, елім, жұртым аман болсын,

Әр үйде бала ойнап шаттық толсын

Айтылған осы сөздер есте қалып,

Әр бала өмірінде қызық көрсін.

 

Қол жетті аспандағы ай мен күнге,

Өшпейтін шырақ жанды қара түнге.

Ендігі біздің тілек айтарымыз,

Отаным жасай берсін күннен-күнге.

Қазіргі кезде осындай әжелердің айтылатын өлеңдері 6ертегілері біздің оқушыларға жетіспей тұрғандығы айдан анық байқалады .

Просмотров: 611


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст