Білім-бақтың жібермейтін қазығы
Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы.
М.Әуезов
Білімді ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес
21-22 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада 5-11 сыныптар аралығында төмендегі негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) қазақстан тарихы;
3) орыс тілі мен әдебиеті;
4) ағылшын тілі;
5) математика;
6) физика;
7) информатика;
8) химия;
9) биология;
10) география;
11) құқық негіздері
12) бастауыш сыныптар (қазақ тілі мен математика)
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 87 оқушы, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 55 оқушы, жалпы – 142 оқушы, бастауыш сыныптар бойынша қазақ тілінен 21 оқушы, математика пәнінен 25 оқушы, жалпы –46 оқушы қатыстырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алды.