«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.12.2017

Бүгінде  Қазақстанның әлуметтік саясатындағы басты міндеттердің  бірі-адами капиталдың сапалы өсуін қамтамасыз ету. Тұрғындарды  жұмыспен қамту, азаматтардың денсаулықтарына

қамқорлық таныту, оқушыларға саналы білім беру болып табылады. ҚР Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында «Еліміздің даму векторларының бірі-адами капиталды инвестициялау» деп атап өткен болатын. Қазіргі заман жағдайында еліміздің дамуының шешуші факторлары  тек материалдық-өндірістік базасы ғана емес, ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес адами ресурстар екендігі де анықталып отыр. Күнде бір жаңалық еніп жатқан қоғамда жаңа заман ағымына бейімделіп, экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатын адами әлуметтің сақталуына және өсуіне ықпал етуге арналған жұмыс жүргізу қажет.Негізінде, ақпараттандыру дәуірі, сөз жоқ, адамға, оның рухани санасының

жаңғыруына келіп тіреледі.

       Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-ұлттық кодыңды сақтай білу», -деп әрбір қазақстандық азаматтың атқаруға тиіс міндеттерін айқындап берген. Ал сол ұлттық сананың қалыптасуы тарихи санадан бастау алатыны мәлім. Тарихи сана қалыптасу үшін де адам ең әуелі өзінің төл тарихын, шыққан ата-тегін білуі керек. Өскен ортаның ел жадында қалған елеулі оқиғаларын зерделемей өсу мүмкін емес. Жастайынан көзі қанып өскен өлкенің әр тасы келешекте бағыт сілтейтін ғасырлар қойнауындағы мәңгілік бағдаршамың болып қала бермек.

      Біз өмір сүріп жатқан ғасыр-білім мен ғылым ғасыры. Негізі қанша құмарың қанып ішсең де сарқылмайтын, тереңіне бойлаған сайын өзіне баурап алатын, жаныңа жаққан ақыл мен даналық шырыны білім екеніне талас жоқ. Ал білім негізі-мектепте.Щучинск қаласындағықазағымыздың

қара шаңырағына айналған №9 мектеп-гимназиясында ұстаздар қауымы оқушыларға саналы білім мен тәрбие  беріп қана қоймай, ғылыми жұмыстар мен олимпиада жұмыстарына да бастауыш  қабырғасынан бастап жетелейді. Атап айтсақ, ғылыми жұмыс бойынша 4«А» сынып оқушысы Рахимов Шернияз «Әжемнің маржан сөздері» атты тақырыпта І орынды иеленіп, Республикаға жолдама алды. Алдағы уақытта Шерниязға жеңіспен оралуына тілекшіміз. Мектепішілік қазақ тілі пән олимпиадасы бойынша 2-сыныптар арасынан  Әміржан Арай І орын, Кенжебай Жансезім ІІ орын, Дауренбек Әділ ІІІ орынға ие болды. 3- сыныптар арасынан Бектұрсын Аягөз І орын, Шортамбай Жансұлу ІІ орын, Мансұр Әділет ІІІ орын. 4 -сыныптар

арасынан  Сәлімжан Темірлан І орын, Байдоллла Аризат ІІ орын, Сунгатова Диляра ІІІ орындарға ие болды. Ал математика пәні бойынша 4-сыныптарда Аділбек Ержанат І орын, Еркады Думан ІІ орын, Омаров Амир ІІІ орынға ие болды. 3-сыныптар арасынан Егінбай Нұрай І орын, Саттарова Назерке ІІ орын, Жусупова Хабиба ІІІ орынды иеленді. 2-сыныптар

арасынан  Микашева Айя І орын, Қайрат Мансұр ІІ орын, Рахимбек Нияз ІІІ орынға ие болды.

   Оқушылардың жақсы жетістіктері мектеп мұғалімдерімен қатар ата-аналар үшін де үлкен қуаныш пен мақтаныш екені сөзсіз. Сол себепті біздің мақсат – Отанын шын сүйетін патриоттар тәрбиелеу. Көп тіл білетін, сауатты, білімді жандарды молайту. Креативті және сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті, салауатты өмір салтын ұсынатын, өзіне жүктелген міндетті орындауға дайын, жауапкершілікті сезіне білетін ұрпақты қалыптастыру. Сол себепті, мұқалмас мақсатқа жету жолында ойымыз ісімізден алда болуы тиіс. «Мәңгілік ел» атына сай, әлем таныған табысты мемлекет болу бағдарында баршамыз бірлік байрағы астында бір болып,

ұлтқа деген ұлағатты оймен жұмыла жұмыс жасап келеміз.

     Қараша айында Жезқазған қаласында О.А. Байқоңыров атындағы «Адам капиталы елдің жаңашыл дамуының негізгі факторы ретінде» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференцияда мұғалімдер арасында 166 ғылыми жұмыстың ішінен 88 ғылыми жұмыс    өтіп,

біздің мектебімізден үш мұғалімнің жұмысы екінші айналымға өтті. Мектеп директоры Кушекова Бибігүл Қуынышқызы, бастауыш сынып мұғалімдері Касенова Ләззат Куанышбайқызы мен Уалиева Гульнар Мейрамбекқызы өз ғылыми жұмыстарын қорғап келді. Нәтижесінде мектеп директоры Б.К. Кушекова ІІ дәрижелі диплом мен марапатталды. Л.Қ. Касенова  мен Г.М. Уалиева сертефикатпен марапатталып, үш мұғалімнің де ғылыми жобалары О.А.Байқоңыров атындағы «Адам капиталы елдің жаңашыл дамуының негізгі факторы ретінде» республикалық ғылыми тәжірибелік конференция жинағына енді.

      Бұл конференцияға әр облыстың түпкір-түпкірінен келген 500- ден астам ұстаздар қауымдары қатысты. Жезқазған қаласының әкім орынбасары мен білім бөлім басшыларының ұйымдастыруы мен Жезді қаласындағы музейге тарихи жерлеріне экскурсияға апарып, Алашахан кесенесіне барып қайттық. Конференция ұымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми тәжрибелік орталығы, Қарағанды облысының білім басқармалары болды. Жалпы конференция 6 бағытта өтті. Әр бағытта белгіленген модераторлар болды. Біздің бағыт бойынша Бахтияр Сайран Бакенұлы «Дарын» Республикалық ғылыми- тәжірибелік орталығының орынбасры мен Макашев Байжұма Катираевич, т.ғ.к, О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінің

доценті болды. Әрине, бұл конференциядан алған әсеріміз мол. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру үрдісі үнемі жетілдіруді, дамытуды талап етеді. Бүгінгі оқушы-ертеңгі іскер тұлға, сондықтан  ол мектеп қабырғасында таным көкжиегі кең, ұлтжанды, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделіп тәрбиеленуі қажет. Рухани жаңғыру қазақ елінің алдында тұрған ұлы мұрат міндеттердің бірі болса, тәуелсіз Қазақстандағы өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектеп кемел келешекке апарар білімнің алтын шамшырағы. Сондықтан да әр ұстаз жаңашылдық пен ізденіс үстінде болуы керек.

Просмотров: 633


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст