«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім-жаңаша көзқарас

06.12.2017

29 қараша  күні №9 мектеп-гимназиясында жаңартылған білімберу мазмұны аясында

5,7- сынып мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары болып өтті. Семинарға аудан көлемінде 5,7- сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың негізгі идеясы Бурабай ауданының білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында орта буынның

сабақ үрдісінде педагогқа үнемі әдістемелік көмекті көрсету, оқу бағдарламасын жүзеге асыруда туындаған сұрақтар бойынша жедел кеңес алу,  инновациялық тәжірибені  қолдану болып табылады. Бұл семинардың мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына  сәйкес 5,7-сынып мұғалімдерінің практикалық жұмысқа дайындығына көмек көрсету және жаңартылған білім беру мазмұны енгізуде педагогтармен кері байланысты қамтамасыз ету. Семинарда білім беру жүйесін жаңарту жағдайындағы  сұрақтарды

талқылау үшін ойталқы алаңы құрылды.  Семинар барысында мұғалімдер сабақ үрдісінде туындаған барлық сұрақтарын талқылап, жауаптарын ала білді. Бағдарлама аясында №9 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Сердалин Сайран Дәуренұлы, тарих және география пәнінің мұғалімі Олжанова Әсем Казезтаевна ашық сабақтар өткізді. Көкшетау қаласынан келген ПШО тренері Г. Пазылова мен облыстық басқарманың әдістемелік кабинетінен келген өкілдерімен мұғалімдер арасында жақсы шығармашылық сұхбат болды.

Мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде біраз пайдалы кеңестер алды.

 

 

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст