«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әжемнің маржан сөздері

04.12.2017

                                                            

      Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім

Поэзия менімен егіз бе едің?

-       деп  Мұқағали ақын, поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезім күшінде жатыр деп түсінеді, сезіне біледі.

Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң жарқыным алысқа атта,

Күнделікті тіршілікке бой суытпа

– деп, нағыз ақын болудың керемет қуанышты да, азапты екенін ашып айтады. Ал қазіргі кезеңдегі жастардың поэзияға деген қөзқарастары қандай? Поэзияның қадір– қасиеті Мұқағали жырлағандай емес, өте төмен. Неліктен? Өйткені, қазір телевизор, компьютер, интернет, ұялы телефон т.б техникалық құралдар көп. Поэзияны сүймеген, оқымаған бала жан-жағындағы қоршаған ортаға адамдарға қайырсыз, рақымсыз болып өседі. Оларды «рухани мүгедек» деп атауға болады. Ал жастарымыз кітап оқымаса, поэзияны сүймесе болашағымыз не болмақ? Халық ауыз әдебиеті мол рухани қазына. Олардың түрлері сан алуан. Соның ішінде поэзия – жастардың тіл ұшқырлығын, тапқырлығын дамытып, рухани байытып, бойына ең негізгі адамгершілік қасиеттерді дарытады. Әжемнің жырларының тәрбиелік мәні өте зор. Біздің осы тақырыпты таңдауға себеп болған жағдай, ол Шерниязбен әкесінің  арасындағы әңгіме, әкесі бірде оған, әжесінің өте жақсы өлеңдері барын, бірақ әжесі ешқашан ол өлеңдерін біреуге оқып, не болмаса қағазға түсірмегенін айтты. Сонда Шерниязға мынандай ой келді, біз көп жағдайда  өз арамызда жүрген ақын жанды адамдарды байқамаймыз, тіпті кейде өз отбасымызда ақын адамдармен бірге өмір сүрсек те, олардың шығармаларын таратпайды екенбіз. Өкінішті әрине...

Хандарды, билерді аламыз, олар туралы біздерсіз де жазылған материалдар көп, ал сондай зерттеуді қажет ететін адамдар көп. Ал шындығында елге, жерге деген сүйіспеншілік, құрмет отбасынан басталады емес пе? Әжесі өзінің жүрегінен жарып шыққан шығармаларын оқып,

көзімен көріп емірене оқи алмаған. Әжесінің өлеңдерін жарыққа шығарып, баспа

беттеріне жариялау секілді жауапты жұмысты алғаш рет атқару міндеті маған келіп

отыр - дейді бір сөзінде оқушым. Әжесінің мол әдеби мұраларын, қызық деректерге

толы өмірбаянын іздеу, табу, жинауға бар күш-жігерін аямады.

        М.Мақатаев. «Ақынның өмірді зерттегені-алдымен  өзін зерттегені» дегендей, Шернияздың әжесі  яғни, әкесінің анасы Игубаева Ғалия Кәрібайқызы 1932 жылы бұрыңғы Еңбекшілдер ауданы Қарақұдық деген жерде дүниеге келген. 13 жасқа толғанда әкесі Кәрібай 8 баламен Жаңаталап ауылына көшіп келеді де, әжесінің жастық шағы Жаңаталап ауылында өтеді. Ата-анасы қарапайым үй шаруасындағы адамдар болыпты. Ағасы  Жанай Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқан шолақ белсенділердің бірі болса, тағы бір ағасы Досай соғыстан кейін еліміздің дамуына бар күш жігерін салған, оқыған, көзі де, көкірегі де ояу ел азаматы болған екен. Әжесінің балалық шағы соғыстан кейінгі ауыр кезеңге келеді, оның үстіне, әжесінің 15 жасында әкесі қайтыс болып, өмірдің тауқыметін тартады. Бұл жайында әжесі:                               

Әкеден 15 жаста қалған едік,

Жетімдік жас жүрекке салған едік.

Әкеден жетім қалған «мыналар» деп,

Сол кезден жетім атын алған едік.

Жетімдік ат көп екен анасызға,

Жел де көп соғатын панасызға.

Алданыш талай күндер өтіп жатыр,

Жаралған табиғаттың саласында

–дейді.

-Әже, сіз қай кезден бастап өлең жаза бастадыңыз?-деген сұраққа

Әжесі:  -Есімде жоқ, негізі, әкем Кәрібай, ағам Досай да өлең шығаратын  өнері болыпты, сол

өнер маған ауысқан болар, -деп жауап берген екен әжесі. Соғыстан кейінгі ауыр кезеңде

біз сияқты балалар оқуға бара алмадық, үлкендерге көмектесіп, жұмыс істедік,күзгі егін жинағын кезде, таң атқанша масақ тереміз, сол кездерде өзімнің алғашқы өлеңдерімді жаздым, бірақ ешкімге айтып, оқыған жоқпын, сондықтан көптеген өлеңдерім ұмытылып қалды, -деп әңгімесін жалғастырды. 1949 жылы 17 жасында Шернияздың атасына тұрмысқа шығып, 55 жыл отасып, 7 бала өсіріп, тәрбиелеген. Биыл әжесі 85 жасқа толды. Әжесінің өлеңдерін оқып, жазып алғаннан кейін, оны талдауға кіріскен. Ол үшін алдымен өлеңдерді лирикалық, тұрмыс-салт және патриоттық бағыттағы өлеңдер деп топтап алды.

Ең алғашқы жазып алған өлеңі «Арман» деп аталады. Бұл өлеңдегі әжесінің адам арманы, оның өмірге құштарлығы, ғашықтығы, адам үшін өмірдің соншама қымбаттылығы өте терең философиялық толғаныспен айтылады. Оған мына жолдарды оқу арқылы көз жеткіземіз.

             Бұл дүние қызыл түлкі бұландаған,

             Еш адам бір қалыпты тұра алмаған.

             Барыңда шамаң келсе ойна да күл,

             Пәнде жоқ бұл өмірден сыр алмаған.

    Әжесінің өлеңдерінің өзегі-ар мен жанның тазалығы, адамгершілік қасиеттер. Жауабы қиын сан сұрақтар ақын ананың жанын мазалайды, ол соларға тынымсыз жауап іздеп, болашаққа үлкен сеніммен қарайды. Мысалы:

Адамға бала қызық бұл жалғанда,

Баласыз қызықтардың бәрі арманда.

Өзіңнен туған балаң бірдей өсіп,

Қалмасын қатар жүріп үй салғанда.

немесе

Қол жетті аспандағы Ай мен Күнге,

Өшпейтұғын шырақ жанды қара түнге.

Ендігі біздің тілек айтарымыз,

Жас ұрпақ жасай берсін күннен

күнге -деп жастарға өзінің жүрек жарды тілегін, ақ батасын тілейді.

Қазақтың ұлы даласының дәл кеудесінде жаратылыстың ғажап үзігі-сүмбіл  қарағай, айна көл, зеңгір таудың басын бір жерге қосқан алып, бөріктей Көкшетауды жырға қоспаған ақын жоқ шығар. Кімнің болса да жанына жақын, жүрегіне ыстық,туған жерге, елге деген ерекше сезімі болады. Бұл жайында:

Шіркін-ай, Көкше десе ойға қалам,

Көңілім көтеріліп, ой мен санам.

Көкшенің бауырындағы туған елім,

Арнаймын дұғай сәлем тартып қалам.

Ішінде Бурабай қөл айдан анық,

Жағасын мекендеген талай халық.

Бір жұтсаң толқындаған мөлдір судан,

Басылар шөлдегенің мейірің қанып -деп,әжесі туған жерге деген өз сүйіспеншілігін ағынан жарыла айтады. Өз халқының басынан кешкен ауыр, қасіретті тағдыры туралы бірнеше

өлеңдерін жазған екен.

41 деген бір жыл есімізде,

Бала шақ ойнап жүрген кешімізде.

Белгі жоқ өткен күнде деген сөз бар,

Сол бір жыл кірмесе екен түсімізге-деп халық қасіретін жырласа, көптен күткен Ұлы Жеңісті былай суреттейді.

Бір кезде 45-ші жылда келді,

Жер мен Көк, Ай мен Күннің сыйын берді.

45-тің 9 шы майы күні,

Отанның  Жеңіс деген туын тікті.

Жеңіс деп жердің беті дабыл қақты,

Жан тұрсын мал қуанып, ойнақ сапты.

Келешек жас ұрпақтың өмірі үшін,

Мәңгілік өлмейтұғын шамын жақты.

Мұндай ойлы, парасатты сөз кез-келген адамның жүрегін қозғап, ой саларына күмәнім жоқ. Мені таң қалдырған тағы бір жағдай, ешқандай білім алмаған, қарапайым қана өмір сүрген әжесінің саяси жағдайларды да түсініп, ой елегінен өткізгені  Мысалы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты жазылған өлеңінде:

Желтоқсан 86 ел есінде,

Елімнің тыныш жатқан бір кешінде.

Жазықсыз жас қыршыңдар жазаланды,

Әйгілі Алатаудың ақ төсінде.

Жаңа жыл келе жатыр ызғарлы күн,

Жұлдыздар жымыңдайды қараңғы түн.

Ызғарын 86-ның ұмытпаңдар!

Бәрінің есте қалсын осы бір күн,

Мәңгілік есте қалсын осы бір күн!

-деп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан, тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық

батырларды естен шығармай ұмытпауға жетелейді. Қорыта келгенде әжесінің

өлеңдері барлық жанның жүрегінде сақталып «Бес нәрседен асық, бес нәрседен қашық»

болуға тәрбиелейді, ізгілік пен теңдікті адамгершілікті үйретеді. Әжесінің өлеңдері де сарқылмас та, таусылмас та асыл мұра, баға жетпес олжа  деп айта аламын. Өлеңдері біздің рухани әлемімізді кеңейтіп, жан дүниемізді сұлулықпен қайырымдылыққа баулиды.

Сондықтан да барлық жастар, әсіресе жергілікті жерлестеріміз Шенияздың әжесінің өлеңдерін танып білсе екен деп ойлаймын. Бұл зерттеу арқылы осыған қол жеткізуге тырысамын. Қорыта айтқанда, әжесінің өлеңдерін жинақтай отырып, мен бұл өлеңдердің үлкен тәрбиелік мәніне, өмірден қаншама қиындықтар көрсе де, әжесінің өмірге деген құштарлығы менің де рухымды, сезімімді, поэзияға  деген сүйіспеншілігімді оятты. Қазіргі нарық заманында демеуші табылып, әжесінің   көзі тірісінде өлең жинақтары жарыққа шықса,нұр үстіне нұр жауып нағыз немере парызы орындалар  еді.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст