Қараша айының 29-і күні №9 мектеп-гимназиясында «Тұңғыш Президент» күніне орай арнайы 8-11 сыныптар арасында « Үстел теннисінен» спорттық жарыс өтті.
Ұйымдастырылу мақсаты: Елбасы жолдауына сүйіне отырып, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты талабы екенің ескере отырып оқушылардың бойына спортқа деген қызығушылығын арттыру,өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектепте жиі ұйымдастырылып тұрады.
Бұл жарыста оқушылар теннистен жақсы дайындықтарын көрсетіп І,ІІ,ІІІ,ІV,V орын алды. Үстел теннисінен жақсы нәтиже көрсетіп 8-9 сыныптар арасында өткен жарыста, 8 сынып оқушысы Сәрсенбек Жангелді І орынға ие болды және де 10-11 сыныптар арасында ешкімді өз алдынан шығармай, 11 сынып оқушысы Бердібек Ұлықпан І орынға ие болды.