Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір – біріне жалғап тұрар.
-демекші 2017 жылдың қараша айының 23 жұлдызында Щучинск қаласы аудандық мәдениет үйінде Елордамыз Астананың 20-жылдығына орай, кішкентай ханшайымдар арасындағы «Жас ару – 2017» байқауына № 9 мектеп – гимназиясының 2 «а» сынып оқушысы Әміржан Арай Жасұланқызы, 3 «б» сынып оқушысы Шортамбай Жансұлу Қайратқызы қатысты. Аталмыш байқауға өз бақтарын сынауға ниет білдірген 7 – 10 жас аралығындағы 16 ару қатысты. Төрт кезеңнен құралған бұл байқаудың шарттары мен талаптарын кішкентай ханшайымдарымыз бұлжытпай орындады десем көп айтқаным емес. Байқау кезеңдеріне тоқталатын болсам «Қанеки, танысайық!» , «Салт – дәстүр», «Өнерлі өрге жүзер», «Дефиле».
Қазылар алқасы әрбір қатысушының өздерін сахнада ұстай білуіне өнеріне тәнті болды. Байқау қорытындысы бойынша әрбір ханшайым тәж, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әміржан Арай Жасұланқызы – «Сұлу періште ару», Шортамбай Жансұлу Қайратқызы – «Ақылды қыз» номинациясымен марапатталды.Тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйінін келтіретін болсам жас буын бойына патриоттық тәрбиені сіңіретін әсем де көркем іс – шараларымыз көп болса екен.