Текст
Қараша айының 24-і күні Көкшетау қаласында облыстық «Әке мен Бала» сайысына
№9 мектеп-гимназиясы 2 ә сынып оқушысы Көңілді Ернұр және әкесі Ернұр Қызыржанұлы қатысып, үшінші орын иеленді. Байқау мақсаты отбасында әке беделін көтеріп, жанұяда әке қорғаушы, тірек,жанашыр көшбасшы екенін анықтау аясында ұйымдастырылған іс шара өз көздеген мәресіне жетті деп ойлаймыз.
"Әкеге қарап – ұл өсер ,анаға қарап – қыз өсер" – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Әр бала әкесіне қарап, ой түзеп, бой түзеп, әкесінің жақсы қасиетін бойына сіңірсе нұр үстіне нұр болар еді.