Жылдан – жылға №9 мектеп – гимназия жанындағы интернат оқушыларының саны өсуде. Біздің мектеп – интернатына келген оқушылар жатақханаға, тәрбиеші талабына, сыныптастарына тез үйренеді. Бұған бірден – бір себеп - тәрбиешілердің келген баланы жаңа ортаға, жаңа жағдайға бейімделуіне көмектесуі, жағдай жасауы, өзара сыйластық пен
мейірімділікке, сенімге негізделген, ұйымшыл ұжым қалыптастыруында.
Абай атамыз айтқандай «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» демекші, әр балаға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі хақ. Осы сөзді арқау ете отырып интернат тәрбиешілері әртүрлі тақырыптардағы тәрбие сағаттарын жиі өткізеді. Мәселен, оқу жылы басталар – басталмас бұрын тәрбиеші М.Рахимжанова «Қызды қырық үйден тыю» және тәрбиеші Ә.Онайбаева «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты жиналыстар өткізді.
Интернат тәрбиеленушілеріне құқықтық тәрбие беру мақсатында тәрбиеші Ж.Ибраева «Тәртіпке бас иген құл болмас» атты тәрбие сағатын және салауатты өмір салтын насихаттауда «Темекі – денсаулыққа зиян» атты тәрбие сағатын өткізді.
Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің интернаттағы өмірін жандандыру үшін тәрбиешілер бос уақытты болсқа өткізбейді. Мүмкіндігіне қарай әртүрлі спорттық және зияткерлік жарыстар өткізеді. Мәселен: «Дені саудың, жаны сау» (Ибраева Ж.,Тоқтамысова Ж., Иасұлы Ерлан), «Салауатты өмір салты» (Онайбаева Ә., Омарова Р.), «Мың бір мақал» (Онайбаева Ә.) және т.б.
Ұжымымыз спорттық шараларға да белсене қатысады. Мәселен, мектепшілік спартакиадаға қатысып, мектептің кубогын жеңіп алды. «Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз –түзу,Еңсеміз -биік,
Рухымыз – мықты болсын десек, бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.