Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.
Иә, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен құнды рухани азығымыз мол. Бүгінгі кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", -деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап беттеріндегі тарих бізге ата –бабаларымыз, атақты тарихи тұлғалар: қазақ халқының дамуына зор үлес қосқан және болашақ тарихтың қорытындысына әсер еткен тайпа көсемдері, билеушілер, батырлар, билер, аңызшылар қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер туралы
айтады. Олар ғасырлар бойы бірлікке, тұтастыққа талпынды және осыған үйретуден жалықпады . Біздің Қазақстан жерінде де өсіп – өнген ұлы тұлғаларда аз емес, біз жүректерінде ешқашан үміт оты өшпеген, ұлы сенім, біздің еліміздің болашағына деген сенім аңғарғыш ақыл ойын, өз отанына деген сүйіспеншілік пен адалдықты алға жетелеген тұлғалардың есімдерін мәңгілік есте сақтаймыз.
Сондай ұмытылмас ұлы тұлғаларымыздың бірі- билер. Би дегеніміз - жай ғана қазы емес, осы құрметті лауазымға сайланған, өзінің бүкіл өмірінің мысалымен қазы болу құқығын дәлелдеген адам. Сондай ақ, Қазыбек би ақын, би-шешен ретінде әйгілі.Оның жоңғар басшысы алдындағы үздік поэтикалық туындыларының бірі сақталып қалған. Онда: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, Елімізден құт - береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз,сен темір болсаң, біз көмір, балқытқалы келгенбіз.Қазақ қалмақ баласы табысқалы келгенбіз.Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,Танысуға көнбесең шабысқалы келгенбіз.Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз.Тұтқыр сары желіммен,жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді
айт!»,-деп өткір ой айтқан екен. Осындай Қазыбек бидің туындыларын еліміздің жас ұрпақтары біліп, көңілдеріне түйіп жүрсе, рухани байлықтары молаяры сөзсіз.Соған орай, мектебіміз кітапханасында Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына байланысты 6 «А» сынып оқушыларымен /жетекшісі Олжанова Асем Қазезтайқызы/ дөңгелек үстел жүргізілді. Оқушылар Қазыбек бидің өмірбаянымен таныстырылды, нақыл сөздер, нақыл сөздерден сөз
жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап беру және слайд көрсетілді т.б.
Бұл дөңгелек үстелді жүргізудегі мақсатым оқушылардың бойына ұлттық патриоттық
сезімін қалыптастыру, елін жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу.
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады,-
дей отырып, шығармаларында тәлімі де тәрбиесі де мол ой қалдырған Қаз дауысты
Қазыбек бидей тұлғалардың алдында бас иеміз!