Білім алушының емтихан тапсыру ережесі
Білім алушының міндеті:
1. Емтихан болатын аудиторияға сабақ кестесінде көрсетілген уақыттан 20 минут бұрын келуге. Кешіккен білім алушылар емтиханға жіберілмейді!
2. Жеке заттарын аудиторияда арнайы бөлінген орынға қалдыруға;
3. Өзімен бірге тек қаламсап және емтихан сессиясына жіберілгені туралы мөр басылған сынақ кітапшасы болуына. Сынақ кітапшасы жоқ білім алушылар емтиханға жіберілмейді;
4. Қатысу парағына қол қойып, сынақ кітапшасын емтихан қабылдаушы үстеліне қалдырып, емтихан қабылдаушы айтқан орынға отыруға;
5. Емтихан қабылдаушының нұсқауларын мұқият тыңдап орындауға;
6. Емтихан қабылдаушыдан емтихан жауап парағын алуға;
7. Емтихан жауап парағының сұрағы түсініксіз немесе жауап парағында факультет мөрі болмаған жағдайда емтихан қабылдаушыға хабарлауға;
8. Қосымша жауап парағы керек болған жағдайда емтихан қабылдаушыдан сұрауға;
9. Емтихан жауап парағындағы сұрақтарға көрсетілген уақыттан ерте жауап берген жағдайда, емтихан
қабылдаушыға емтихан жауап парағын өткізіп, аудиториядан шығуға.
Білім алушыға тыйым салынады:
1. Уақыт тәртібін бұзуға;
2. Шпаргалка, мобильді телефон (қосылған немесе өшірілген) және тағы басқа электронды құрылғыларды
пайдалануға;
3. Өзара сөйлесуге, тәртіп бұзуға және емтихан қабылдаушының рұқсатынсыз орнынан тұрып аудитория ішінде жүруге;
4. Корректор қолдануға;
5. Емтихан жауап парағын басқа білім алушыларға беруге;
6. Жауап парағында әртүрлі белгілер (білім алушының аты-жөні немесе тағы басқа таңбалар) қалдыруға;
7. Емтихан жауап парағын өзімен бірге алып кетуге;
8. Емтихан уақыты бітпей жауап парағының сұрақтарына толық жауап бермеген білім алушылар аудиториядан тұрып кетуге;
9. Емтихан аяқталысымен емтихан жауап парақтарын өткізуге кедергі жасауға.
Жоғарыда көрсетілген ережелердің бірін немесе бірнешеуін бұзған білім алушы
емтиханнан шығарылады және қайта тапсыру құқығынан айырылады!
* емтиханда емтихан қабылдаушының қызметін ОПҚ кезекші оқытушы атқарады;
** әр студентке қосымша бір жауап парағы беріледі.
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Құрметті ата-аналар!
Психологиялық қолдау – балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?
- Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.
- Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.
- Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.
- Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.
- Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.
- Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.
- Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.
- Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.
- ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
- Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.
- Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
- Тамақтануына көңіл бөліңіз: баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.
- Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.
- Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.
Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.
Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:
· Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына сендіріңіз.
· Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас
ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.
· Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.
· Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.
· Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.
· Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.
· Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.
· Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.
· ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.