Болашақ
білімді жастар қолында
Қaзipгi ХХІ ғacыp eлбacымыз aтaп aйтқaндaй - бiлiм зaмaны. Бacқa eлмeн тepeзeмiз тeң , бiлiмiмiз тeңecy үшiн, бiлiм жoлынa өтe көп нaзap ayдapылып жaтыp. Бoлaшaқтa өciп кeлe жaтқaн ұpпaғымызды көшбacшылыққa, өз oйын aшық түpдe aйтa бiлyгe, eлiмiздiң тyын көккe
жeлбipeтiп, oның өciп - өнyiнe өз ықпaлын тигiзeтiн ұpпaқ тәpбиeлeyiмiз кepeк.
Сан ғасырлар бойы бабалар арманынан туындаған тәуелсіздігіміздің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына айналуы да бекер емес. Мәңгілік ел – мәңгілік Отан, мәңгілік ұрпақ, мәңгілік болашақ деген мәңгілік сара жолды таңдаған еліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болары сөзсіз. Еліміздің алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен терезесі тең тұруына бүгінгі жас ұрпақ өздерінің сапалы білім, саналы тәрбиесі арқылы үлес қосуда. Ағылшын тілі сабағында «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сіңіру мақсатында «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы ағылшын тілі сабағында» атты ғылыми жобамен 9 «А» сынып оқушысы Жуманова Аружан /жетекшісі Б.А. Бекетай / Шымкент қаласында өткен «Жас ғалым – ХХІ
ғасыр көшбасшысы» атты студенттерге, оқушыларға және жас ғалымдарға арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен
марапатталды. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.
Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектеп алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті,
нарықтық жағдайда, алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білімі жоғары
ұрпақ тәрбиелеу.
Уақыт өткен сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «бәсекеге қабілетті отыз
елдің қатарына қосылу бағдарламасы» ең басты жол сілтер жоспары. Қай қоғам болмасын, сол қоғамның ең басты парыздарының негізгісі – бүгіні мен ертеңін қастерлеу. Ал бұл қоғамның дамытушысы – адам. Бүгінгі өскелең ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, ал сол қоғамның
иелерінің міндеті –халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын, ұлттық мәдениетіміздің қолданбалы сәндік қолөнерін өркендету ғана емес, ата-бабамыздан қалған өнерді сақтап, қазіргі уақыттың талабына сәйкестендіріп сәнді ету.
Тәуелсіз мемлекетімізде келешек ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда.
Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің
бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту.Бүгініміз бен келешегімізді
нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың борышымыз.Сондай құндылығымызды
дәріптеген өзге ұлт өкілі бола тұра, қолданбалы өнерді меңгерген 9 «А» сынып оқушысы Евгений Хомич /жетекшісі Г.Ж. Нургужина/ «Тіл Дарын» қазақ тілінен өткізілетін облыстық
шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның ұлттық-қолданбалы өнері» секциясына
қатысып, жүлделі І орынға 110 мың теңге сертификатына ие болды.
Сондықтан атадан әкеге, әкеден балаға мұра болып келе жатқан қол өнеріміздің отын
сөндірмей, әрі қарай үрлеу әр қазақтың парызы деген ниетпен қолөнер туралы Д.Шоқпарұлының өлең шумақтарымен баяндауды жөн көрдім.
Халқымыздың дәстүрлі төл өнері,
Кәсібім – атамұра қолөнері.
Жинадым әдет - ғұрып, салт дәстүрін,
Елімнің көзге ыстық көнелері – деп айтқандай, қолөнерге жаны ашитын жас ұрпағы болса егер, төл өнеріміз мәңгілік жасайтынына кәміл сенемін.
Г.Калмаганбетова
№9 мектеп-гимназиясы
директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары