Дін және қоғам
Жарық дүние деп аталатын әлемде исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін, ибалы азамат және иманды қоғам құруымыз қажет. Бүгінгі дөңгелек столымыз дін мен бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналады.Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.Елбасымыз Н.Назарбаев «Біз тегіміз Түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек» деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған. Ислам барша адамзаттың наным- сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Алла тағаланың соңғы, әрі бірегей діні. Алайда қазіргі кезде ислам дініне қатысты қоғамда әр түрлі уағыздар айтып, өңін өзгертіп, зиянды әсерін тигізіп жүрген жат пиғылды топтар көбюде. Осындай ағымға алданған қаракөздерімізді көргенде, өзегіңе өрт
түскендей өкінішті сезесің. Бұған кімді кінәлаймыз, адамды ма, әлде қоғамды ма?. Осы орайда Бурабай аудандық «Рухани келісім» іс-шарасы аясында №9 мектеп-гимназиясында қазан айының 20 –жұлдызы күні «Дін және қоғам» тақырыбында «Мирас жаршысы» ток шоуы өтті. Ток шоуға аудандық мешіттің наиб имамы Ұлан және мешіт жамағаты, жеке кәсіпкер Жанат Қорқытбаев, АӘД мұғалімі Жанболат Шайменов мырза қатысты. Келген қонақтар дін
тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Аудандық мешіттің жұмыс жүйесін таныстырып, жасөспірімдермен жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды. Мектеп оқушылары тақырып аясында өздерін толғандырған сұрақтарына толықтай жауап алды. Ток шоу жүйелі, оқушы мен қонақтар арасындағы тартымды диалогтың болуымен әсерлі өтті. «Ұлттың өзін - өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар тілі, діні, тарихы, атамекені, дәстүрі» Кез келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы, іргесі де сөгіледі. Діні мықты болған халықтың санасы да сергек, іргесі де тұтас болмақ. Сондықтан да біздің ұрпақ өз жолынан тайынбай, ақ пен қараны ажыратып, қоғамға адал қызмет атқаратын тұлға болу қажет.