«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әке-асқар тау

03.10.2017

                                              Әке –асқар тау

     Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін,

асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін

асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан

қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен,

ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға

болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі

ерекше.  Осы мақсатта 25 қыркүйек күні №9 мектеп-гимназиясында «Шаңырақ»

әлеуметтік –психологиялық қоры ұйымдастырумен  «Әке –асқар тау» атты

сайыс болып өтті.Сайысқа 6-10 жас аралығындағы 6 оқушы өз әкелерімен қатысып

өз өнерлерін ортаға салды.Сайыс 3 кезеңмен өткізілді. «Менің әкем бәрінен керемет»

тақырыбымен өздерін таныстырудан басталды.2-кезеңде «Әкемнің қолынан бәрі келеді...»

турында әкелер көзі байлаулы қалпында сурет салып өз өнерлерін көрсете білді.Бәрінен

де «Менің әкем мықты» кезеңінде бір-бірімен күш сынасып білекті екендігін дәлелдеді.

 «Отбасы ағашы» атты бөлімінде ұсынылған материалдардан  әрқайсысы өз

отбасыларының ағашын жасап қорғады.
Сайыс барысында  1 орынға Ернұр Көңілді әкесі Қызыржан Ернұр,2 орынға

Рахимов Шернияз әкесі Игубаев Бахыт,3 орынға Алхин Айсұлтан әкесі Алхин Ринат

иеленді.Жеңімпаздар алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Просмотров: 707


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст